Ұлт азаттық көтеріліс
Автор: Altynai321 • Апрель 3, 2023 • Реферат • 1,062 Слов (5 Страниц) • 250 Просмотры
1916 жылдың ортасына қарай патшалықтың қазақ халқынан алған жалпы жер көлемі 45 млн десятинаны құрады. Әлеуметтік және ұлттык қанаудың күшейтілуі, соғыс, халықтың басым бөлігінің қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілер жағдайында қиын көрініс тапты және өлке халқының әр түрлі бұқара топтарының белсенді қарсылығына алып келді. Осының айқын көріністерінің бірі Орта Азия мен Қазақстанның бүкіл ауданын қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы болып табылады.
Қозғалыстың басты себебі әлеуметтік-экономикалық жэне саяси факторлар: отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, ауыр алым-салықтың шамадан тыс көбеюі, патшалықтың қазақ халқына жэне өңірдегі өзге де тұрғылықты халықтарға жасаған орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт төмендеуі еді. Аталған себептердің ішіндегі ең бастысы ежелден келе жатқан қазақ жерін күштеп тартып алу және өлкені басқарудың отарлық жүйесінің күшеюі болып табылады.
Ал қозғалысқа тікелей түрткі болған 1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның Қазақстан, Орта Азия, ішінара Сібір тұрғындарынан реквизиция, яғни тыл жұмысына 19-дан 45 жасқа дейінгі ер адамдар алу көзделуі еді. Тізім жасауды болыс басқарушыларының еркіне қалдырып отбасы бойынша тізім жасауда парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашты. Пара алу арқылы тыл жұмысына байдың сау баласын ауру, кедейдің ауру балаларын жарамды деп тапты. Байдың жасы келген балалары кәмелетке толмағандар немесе егде тартқан қарттар қатарына кіргізіліп, ал кедей отбасының кәмелет жасқа толмаған балалары тыл жұмысына алынушылардың тізіміне тіркелді. Патшалық үкі- меттің арнайы рұқсаты бойынша тыл жұмысына шақыртылған байлар өздерінің және балаларының, туған-туыстарының орнына оларға берешегі бар
кедейлер мен батырақтарды әскерге баруға мәжбүрледі. «...оларға бұл өте қауіпті жұмыс екені түсінікті болды... Ешкім халыққа уақытысында бүл жұмысқа шақырудың мәнін түсіндіре алмады; оның орнына жергілікті билік аса маңызды жарғыны шүғыл түрде кей жағдайларда қатаң шаралар қолданумен орындауға көшті. Бір мезгілдегі асығыс мобилизация ұлтқа зиянын тигізді, талқандады... Кей орыс әкімшілігі түлғасының шұғыл да қатаң шаралары мен қарапайым қателіктері, болыс баскармаларының бопсалаулары және т.б. Мұндай тәсілдердің халыққа тікелей әсер етуі де, наразылықтың кеңге жайылуы да табиғи еді» " деп жазды М.Тынышбаев. Қазақстандағы қозғалыс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығының жариялануынан кейін басталды. Шілде айының басында Қазақстанның барлык өңірінде дерлік көп кешікпей-ақ қарулы көтеріліске ұласқан наразылықтар басталды.
Патшалықтың катал өкімдері қинаған эрі оны жергілікті жерлерде жүзеге асырудағы әділетсіз әдістеріне ашынған еңбекшілер қолдарына түскен затпен қаруланып, патша билігі өкілдеріне: болыс басқармасы, ауыл старшыны, полицияға, казактар мен шенеуніктерге тап берді және оған коса «Адам бермейміз!» деген айқай-шу көтерді. Көтерілісшілер болыс басқармасы, ауыл старшынының үйін жэне кеңселерін өртсді, іс-қағаздары мен тылға алынғандардың тізімін жойды. Сөйтіп, осындай жолмен тыл жұмысына алынудан кұтыламыз дсп ойлады. Қозғалыстың негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. Бұған қоса көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болғанын қазақ халқының барлық топ өкілдерінің (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдерінің қатысуы дәлелдейді.
Қазақ қоғамында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске деген көзқарастары бірдей болмады: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен шенеуніктер патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды өкілдері (мысалы, Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рыскұлов, Ә. Жан- келдин, С. Мендешев, Б. Алманов, Ә. Жүнісов, т.б.) патша жарлығына қарсылық көрсетіп, халықты қарулы көтеріліске шақырды, оған өздері де қатысты. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов) либерал-демкоратиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері патша әкімшілігіне мобилизация мәселесін кейінге қалдырып, ең алдымен, тиісті дайындық шараларын жасауды ұсынды. Олар халықты
...