Ұлт-Азаттық Қозғалыс
Автор: ilyas03 • Сентябрь 13, 2021 • Лекция • 892 Слов (4 Страниц) • 463 Просмотры
Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. Бұл қозғалыстар орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп, даму құқықтарын қорғады (мысалы, оңтүстік славяндардың түрік үстемдігіне, чех халқының неміс отаршыларына қарсы күресі, т.б.).
16 — 19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың құрылуы себеп болды. Мемлекеттілігі жоқ немесе одан айрылған халықтардың ұлт-тық мемлекеттер құруға ұмтылысы үстем ұлттардың қарама-қарсылығына ұшырады. Мысалы, патшалы Ресей, Германия мен Австрия-Венгрия езгісіне түскен поляк халқы, Австрия-Венгрия империясы құрамындағы чехтар, словактар, словендер, хорваттар, т.б. Осының нәтижесінде халықтардың өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне ұмтылған ұлттық қозғалыстар пайда болды. Бұл қозғалыстар демокр. сипат алып, оны ұлттық буржуазия өкілдері басқарды. 16 — 18 ғ-лар Батыс Еуропа, Солт. Америка елдері үшін ұлттық қозғалыстардың даму және ұлттық мемлекеттердің қалыптасу дәуірі болды (Нидерланд бурж. революциясы, Солт. Америкадағы Тәуелсіздік үшін соғыс, т.б.). 19 ғ-дың 2-жартысында Германия мен Италияның бірігуі аяқталып, болгар, румын, серб ұлттық мемлекеттері өмірге келді. Чех, поляк, фин халықтарының тәуелсіздік үшін күресі өріс алды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) жылдары Еуропа халықтарының гитлеризмге қарсы күресі де белгілі бір мөлшерде ұлт-азаттық сипат алды.
XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.
Әлеуметтік-жағдай
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
...