1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Автор: Zhasmina • Сентябрь 28, 2019 • Реферат • 2,746 Слов (11 Страниц) • 1,591 Просмотры
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақ хандығының құрылу барысы жəне оның кезеңдері
Керей мен Жәнібек хандар туралы Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бері Қазақ хандығының құрылуында жетекші рөл атқарған екі тұлғаның – Керей мен Жəнібектің есімдері анықталып, белгілі болған.
Қазақ хандығының құрылуы барысындағы ең басты оқиғаға – Керей мен Жəнібек хандардың өздерінің қоластындағы ру-тайпалармен бірге «көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп кетуі жатады. Керей мен Жəнібек хандардың Əбілхайыр ханнан бөлінуінің себептері:
Бірінші, Керей мен Жəнібектің қоластындағы ру-тайпаларды бастап Əбілхайыр ханнан бөлінуінің себебіне, олардың ұлыстарындағы əлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрт нашарлауы жəне содан туындаған наразылықтардың өсуі жатады.
Екінші, Орда Ежен ұрпақтарының сол тұстағы жетекші өкілдері – Керей мен Жəнібек хандар Əбілхайыр ханның қалмақтардан жеңілуіне байланысты əлсірегенін пайдаланып, Шығыс Дешті Қыпшақтағы ордаежендік əулеттің билігін қайта қалпына келтіру үшін ашық күреске шығады. Олар Əбілхайыр ханға наразы ру-тайпаларды бастап, одан бөлініп кетуді жөн көреді.
Қазақ хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа созылып, бірнеше сатыдан тұрған.
Бірінші сатыға – Керей мен Жəнібектің бөлініп кетіп, Моғолстанның батысындағы Шу өңіріне келуі жəне Керей хан болып сайлануы жатады. Хронологиялық тұрғыдан алғанда бірінші саты – 1457 жылдың күзінің соңы, қысының басы мен 1458 жылдың көктемі аралығын қамтиды.
Екінші маңызды оқиғаға – Жүніс ханға қатысты оқиғалар жатады.
Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі үшінші сатыға 1461/1462– 1469/1470 жылдар аралығы жатады. 1461/1462 жылы моғол ханы Есенбұғаның қайтыс болуымен жəне оның мұрагері Дос Мұхаммедтің хан тағына келуімен Моғолстанның ішкі саяси өмірінде күрделі өзгерістер жүреді де, ол өзгерістер Қазақ хандығына да ықпал етеді.
Біз Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы, төртінші сатыға Əбілхайыр хан қайтыс болғаннан қазақ билеушілерінің Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында билігі толық орныққанға дейінгі аралықты жатқызамыз.
Біз Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы, төртінші сатыға Əбілхайыр хан қайтыс болғаннан қазақ билеушілерінің Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында билігі толық орныққанға дейінгі аралықты жатқызамыз. 1470 жылдан бастап Қазақ хандығы Моғолстанның саяси қамқорлығынан шығып, дербес, толыққанды мемлекет атануға мүмкіндік алады. Шығыс Дешті Қыпшақ, Мауереннаһр аумақтарында жəне Моғолстанның Шығыс Түркістан аймағындағы саяси жағдайлар оған өте қолайлы алғышарттар əзірлейді. Дос Мұхаммед ханның қайтыс болуынан кейін моғол тағына ешбір қиындықсыз Жүніс хан отырады. Бірақ та оған алғашқы кездерде моғол əскерлерімен тіл табысу қиындықтар туғызады. Ол туралы «Тарих-и Рашиди» авторы: «Сол күндері Жүніс хан бірнеше рет Қашғарға барды, алайда, Моғолстан əмірлерінің ешқайсысы Қашғарда тұрақтай алмады. Хан шарасыздықтан қайта оралған болатын... Ол жөнінде қысқаша мынаны айтуға болады. Жүніс хан Қашғарда шаһарда тұруды армандайтын. Бірақ моғолдың əскері мен əмірлері қаладан қашқақтаған-ды. Сол себепті де хан Моғолстанда тұруға мəжбүр болды. Сансыз мырза өлген соң, Мұхаммед Хайдар мырза Жүніс ханмен жақындасты. Осы екі арада Дос Мұхаммед хан да өлді. Жүніс хан Ақсуға барып, Дос Мұхаммед ханның халқын өзіне қаратады.
Алайда, Жүніс хан Ақсуда қалғысы келетін еді, себебі Ақсу Моғолстанға қарағанда қалаға ұқсайтынды. Бірақ моғолдардың жүріс-тұрысынан бұлар егер біршама уақыт тұратын болса, елдің көңілінің Сұлтан Кебек оғланға (Дос Мұхаммедтің ұлы – Б.К.) ауатынын байқайды. Сондықтан хан амалсыздан бар елін Моғолстанға əкетуге мəжбүр болды», – деп баяндайды [133, 117–118-б.]. Осылайша, 1470-жылдардың басында Жүніс хан Моғолстан ханы боп Б.Б.Кәрібаев 447 мойындалса да, ол моғол əмірлері
...