Ұлттық қуіпсіздікті қамтамасыз ету; өзін өзі қорғай алуы; егемендік және территориялық тұтастық
Автор: asemmmmok • Декабрь 14, 2020 • Реферат • 299 Слов (2 Страниц) • 1,077 Просмотры
СӨЖ-13. Ұлттық қуіпсіздікті қамтамасыз ету; өзін өзі қорғай алуы; егемендік және территориялық тұтастық; аймақтық және жаһандық қауіпсіздік аспектілерін ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясатына баға беріңіз
Еліміздің саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік дамуы, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тығыз жүзеге асады. Сол себепті Қазақстан 1992 жылы ерікті түрде ядролық қарудан бас тартып, қарусыздану жəне жаппай қырып жою қаруын таратпаудың белсенді жақтаушысы болды. Соның негізінде Қазақстан əлемнің жетекші ядролық державаларынан халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін алды. Қазақстанның 1992 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше болуы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу жөнінде жалпы еуропалық шараларға белсенді қатысу талпынысымен білінді. Қазақстан адам құқығын қорғау, экономикалық даму, терроризммен күресу және өзге де мәселелерді шешу бойынша міндеттемелерді өз еркімен мойнына алды.Қазақстан өзге аймақтардың өзекті мəселелерін шешу арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын белсенді түрде жүргізіп келеді.Мысалы ,мемлекетіміз Қырғызстанда 2010 жылғы көктемде жəне жазда орын алған оқиғалардан кейін оның əлеуметтік экономикалық жағдайына назар сала отырып,қырғыз халқына жəрдем беруі жəне жан-жақты көмек берудің мемлекетаралық бағдарламасын дайындап, қабылдауы жөнінде ұсыныс жасауы да аймақтағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуден туындаған болатын. Сондай-ақ аумағынан халықаралық лаңкестік, есірткі тасымалы, діни экстремизм қатерлері шығатын Ауғанстанның тұрақты жəне орнықты дамуына еліміз əрқашан да мүдделі. Сол ретте Қазақстан Ауғанстанға ізгілікті көмек көрсету туралы шешім қабылдап, жүзеге асыра бастады. Осындай қазақстандық бастамалардың ең түпкі астарында еліміздің қауіпсіздік мəселесі жатыр. Осы бағыттағы бастамалардың бірқатарын əлемдік қоғамдастық қолдады, бұл еліміздің жағымды халықаралық беделінің қалыптасуына үлес қосты Қазіргі уақытта Қазақстан үшін өзекті мәселеге халықаралық қана емес, сонымен қоса аймақтық қауіпсіздік жатады. Президент Н.Ә. Назарбаевтың интеграциялық бастамалары Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Өзара қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес (ӨҚСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚТК), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты еуразиялық аймақтық ұйымдардың құрылуына әкелді. 1992 жылы Ташкент қаласында ТМД елдерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімі жасалды. Құжатқа қол қойған елдер өздерін ҰҚК ұйымы деп атаса, бұл ұйымның Жарғысында дүниежүзінің, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту басты назарға алынды.
...