Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқықтық реформалар және заңдардың гуманизациялануы

Автор:   •  Апрель 3, 2018  •  Реферат  •  922 Слов (4 Страниц)  •  1,985 Просмотры

Страница 1 из 4

Құқықтық реформалар және заңдардың гуманизациялануы.

      Ең алдымен ҚР Конституциясына анықтама беріп кететін болсақ: ҚР конституциясы - демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Әрине Қазақстан Республикасының Конституциясына 27 жылда төрт рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын және бұл жасалған жұмыстар ҚР халқының өміріне, мемлекеттің өміріне жақсы жағынан әсерін тигізуде. Қазір тікелей сипаттамаға келейік.

             " Реформа заңдардың базалық салаларынан басталуға тиiс.  

      Конституциялық құқықта заң шығару жұмысының принциптi тұрғыдағы маңызды аспектiсi табиғи құқық, құқықтық мемлекет, қоғамдық шарт доктринасын идеялармен және құндылықтармен байыту, сөйтiп, соның негiзiнде бүкiл заңдар жүйесiнiң республика Конституциясының нормаларына қатаң түрде сәйкес келуiн қамтамасыз ету болуға тиiс.  

      Конституциялық заңдарды жетiлдiрудiң басты бағыттарының бiрi атқарушы өкiметтiң рөлi мен жауапкершiлiгiн арттыру мәселесiн қамтитын мемлекеттiлiктi нығайту проблемасы, тiке басқарушылықты нығайтып, күштi президенттiк басқаруды қалыптастыру болып табылады." - делінген президентіміздің тікелей бұйрығында.Ендігі Конституцияда көретін өзгерістер мынадай болмақ:

      ҚР Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайтын. Содан соң айта кететін нәрсе ол - бірінші Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болғаны, ал қазір ол жүйе президенттікке ауыстырылды. Тағы да маңызды мәселе алғашқы Конституцияда Жоғарғы Кеңес жалғыз заң шығарушы жоғарғы билік органы болғандығы. Президенттің сол кездегі билігі шектеулі болды және ол Жоғарғы Кеңестің алдында есеп беретін, осы бір шиеленіскен жағдайды жою үшін Конституция 1995 жылы өзгертілген болатын. Өзгертулерге шолу жасасақ:

  • Парламенттің билігі президентке өткізілді;
  • Жоғарғы Кеңес таратылды;
  • Парламент екі палаталы болды: сенат пен мәжіліс;
  • Парламент бақылаушылық функциясынан айырылды. Енді депутаттар мемлекеттік бюджет пен заңдарды бақылай алмайды.
  • Парламенттің заң шығарушылық функциясы  (президент, үкімет және парламент депутаттары) бөлінді.
  • Конституциялық сот пен Арбитраждық сот таратылып, тек Жоғарғы сот қалды.

49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.".

61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 "2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.".

Жоғарыда бірінші өзгертулер мен толықтыруларға байланысты талдау көрсетілді. Енді екінші 1998 жылғы өзгертулер мен толықтыруларға келейік. 1998 жылғы негізгі өзгерістер:

  • Президенттің басқару мерзімін ұзарту 5 жылдан 7 жылға
  • Президент пен мемлекеттік қызметкерлердің жасына қойылған шектеу алынып тасталды
  • Төрағалық қызметке 2 рет сайлануды(дауысқа түсуді) алып тастады
  • Сенаторлық пен депутаттық өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылды

     Ендігі кезекте 2007 жылғы өзгерістер мен толықтыруларға талдау. 2007 жылғы өзгерістер мен толықтырулар:

  • Мәжіліс тек партия тізімі бойынша құрыла бастады.
  • Азаматтар нақты бір депутатқа дауыс беру құқығынан айырылды. Қазір тек саяси партияға ғана дауыс беруге болады. Жеңген партия қай депутаттарды мәжіліске енгізетінін өзі шешеді. Бұл  партияның “жабық” тізімі деп аталады. Ал, халықаралық тәжірибеде партиялық сайлау “ашық” тізімде өтеді.
  • Халық нақты депутаттарға дауыс береді, жеңгенінің партиясы парламентке барады.

Осы заңнамаға сәкес депутаттар таратылып, жаңа сайлау жүргізілді.Депуттарды сайлау барысында ол парламетке әсер ететіні белгілі жағдай еді. Осы бір оқиғадан кейін парламент бірпартиялы болды.

70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 "1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.".

44-баптың 3 - ші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (126.1 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club