Қыпшақтардың Евразиядағы көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Автор: Athletics13 • Декабрь 11, 2019 • Эссе • 678 Слов (3 Страниц) • 1,422 Просмотры
Тақырып: Қыпшақтардың Евразиядағы көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Кіріспе:
Түркі халқының ежелгі тайпалардың бірі- қыпшақ. Қыпшақтар түркі халқының және түркі тілінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.
Мақсаты:
Қыпшақтардың Евразиядағы көрші мемлекеттермен қарым-қатынасына
сипаттама беру, бұл тақырыпқа байланысты деректермен
материалдарды студенттерге таныстыру және бұл тақырып туралы
студенттердің пікірін тыңдау, тақырыпты талқылау .
Өзектілігі:
Бүгінгі XXI ғасырда түркі халқының ұрпақтары үшін бұл тақырыптың
өзектілігі - қыпшақ халқының туркі халықтарының тілі, діні , мәдениеті
қалыптасуында ең негізгі және маңызды рөл атқарғанындадыр.
Бұл тақырыптың тағы бір өзектілігі әрбір түркі халқының өкілі
өзінің ата-бабаларының тарихын білуі міндеттір. Әсіресе батыстың
әсерімен және оларға еліктеп бара жатқан жас ұрпақтарымызды тұра
жолға салуымыз керек, және оларға тарихымызды
дәріптеуіміз,насихаттауымыз керек. Бұлда бір өзектілік болып
табылады.
Қыпщақ тайпасының мекендеген жері, шекара , көршілері туралы ең
алғашқы деректерді Иран ақсүйегі Ибн Хордадбек берді. Ол Иран
мемлекетінің барлау, қарсы барлау және почта байланысының бастығы
қызметін атқарды, 846 -847 жылдары құпия хабарлар жинап,
кейін “ Жолдар және пронвинциялар “ деген кітабын жазды.
VIII-X ғасырларда Алтайда, Ертіс бойыда қимақтар мемлекетінің
күйреуі және қыпшақ бөлігі батысқа, Арал мен Еділ бойына
орын ауыстыруы қыпшақ –қимақ бірлестігінің ыдырауы
болып табылады .
XI-XII ғасырларда қыпшақтардың миграциясының соңғы фазасында
5 топ қалыптасты:
- Алтай-Сібір тобы
- Қазақстан-Орал бойы тобы
- Дон бойы тобы
- Днепр тобы
- Дунай тобы
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың тайпалық ақсүйектері
оғыз жағбыларын ( яғбу ) Сырдариядан Арал маңы мен Каспий
өңіріне ығыстырып шығарды.
Сол кезде қыпшақтар Шығыс Еуропаның, Русь, Византия, Веңрия,
халықтарымен қарым- қатынасқа түсті. XI ғасырдың екінші
жартысында Дешті қыпшақ даласы бұрын Гуздар даласы атымен
белгілі болды.Ежелгі орыс жылнамалырында XII ғасырда
“ Қыпшақ даласының” шегі Еділ мен Днепр арасы деп
көрсетілген.
...