Қан сарысуындағы холестерин мөлшерін анықтау
Автор: Шыңғыс Мамашев • Март 29, 2021 • Доклад • 637 Слов (3 Страниц) • 801 Просмотры
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 10
Тақырыбы: Қан сарысуындағы холестерин мөлшерін анықтау.
Мақсаты: Қан сарысуындағы холестерин мөлшерін анықтау әдістер және холестерин метаболизмінің бұзылыстары туралы білім қалыптастыру.
Видео-сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=7HExqa3mpSY
https://www.youtube.com/watch?v=YcsS3CCKJmM
Оқыту міндеттері:
1. Практикалық дағдыларды меңгеру: колориметр әдісі арқылы қан сарысуындағы холестерин мөлшерін анықтау.
2. Алынған нәтижелерге сараптама жүргізу.
Тапсырма:
- Сілтеме бойынша видеоны көріңіз.
- Жұмыс барысын жазыңыз.
- Колориметр әдісі арқылы қан сарысуындағы холестерин мөлшерін анықтау әдістің принципін түсіндіріңіз.
Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:
1. АСҚ-ның пайдаланылу жолдары.
2. БМҚ биосинтезінің сатылары:
а) бастапқы материалмен қамтамасыз ету;
б) малонил-КоА-ң түзілуі, оның БМҚ синтезіндегі ролі.
в) АТБ-тың сірке және малон қышқылы қалдықтарымен конденсациялануы;
г) ацетоацетил-АТБ-ң тотықсыздануы;
д) β-гидроксибутирил-АТБ-ң дегидратациялануы;
е) кротонил-АТБ-ң тотықсыздануы.
3. Пальмитин қышқылы түзілгенге дейін қанша айналым өтуі қажет?
4. Кетон денелерінің синтезі, сатылары.
5. Кетон денелерінің ролі және олардың пайдаланылуы;
6. Гиперкетонемия, кетонурия, түсінік, пайда болу себептері.
7. Холестерин синтезі, сатылары;
8. Гиперхолестеринемия, себептері.
Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар:
Тақырып бойынша видео-дәріс УМКД-ге жүктелген
Плешкова С.М. және басқалары «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 2.Бөлім.. «Заттар алмасуы және оның реттелуі»;– Алматы, 2009 - https://drive.google.com/file/d/1E4a1Ys8kEfq8RtWW2SPK-4QId1XLU_rT/view?usp=sharing
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР ПЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Жаттығулар:
- Ацетоацетаттың активтену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияны катализдейтін фермент бауырда жоқ, сондықтан бауыр кетон денесін энергия ретінде пайдаланбайтыны туралы белгілі. Осы ферментті атаңыз және ферменттердің қай класына жататынын көрсетіңіз.
- Қанда кетон денелерінің мөлшері артқан. Осындай күй қалай аталатынын жазыңыз. Қандағы кетон денелерінің деңгейінің күрт жоғарылауы қандай жағдайға әкелуі мүмкін? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- Ловастатин (мевакор, мевинолин) жоғары тиімді гипохолестеринемиялық (антиатеросклеротикалық) препарат болып табылады. Ловастатиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
- Ацетил-КоА-ның артық мөлшерде түзілуі және оның тотығуы барысында толық жұмсалмауы несімен қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Жағдайлық есептер:
- Көпқанықпаған ω - 3 май қышқылдары теңіз балығында және Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінің өнімдерінде кездеседі. Олардың негізінде атеросклероздың алдын алу үшін ұсынылатын дәрілік препараттар (полиен, эйконол, максепа) жасалған. КҚМҚ-ның және препараттардың ықтимал әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз.
- Бауырдың майлы дистофиясы бар науқастарға В4 дәрумені (холин) қабылдау ұсынылады. Адам ағзасында холин ацетилхолин, фосфатидилхолин, сфингомиелин синтезіне баратыны белгілі. Неліктен осы заттардың біреуінің пайда болуы науқастың жағдайын жеңілдетуі мүмкін? Осы заттың синтезін және олардың маңызын жазыңыз.
Тест тапсырмаларды орындау:
- Адам ағзасындағы липидтер тұрады:
- спирттер мен жоғарғы дәрежелі май қышқылдарынан
- глицерин және бейорганикалық қышқылдарынан
- жәй эфирлерден
- циклды спирттер мен қысқа тізбекті май қышқылдарынан
- глицерин және қысқа тізбекті май қышқылдарынан
- Липидтердің ағзадағы атқаратын қызметі:
- катализдік
- құрылымдық
- эндогенді судың көзі
- қорғаныстық
- жасушадағы энергия қоры
4 дұрыс жауапты табыңыз
- 100 грамм май тотыққан кезде түзілетін эндогенді су мөлшері:
- 107 г
- 20г
- 10г
- 5г
- 50г
- Фосфолипидтерге жатады:
- фосфатидилинозитолдар
- кефалиндер
- лецитиндер
- фосфатидилсериндер
- моноацилглицериндер
4 дұрыс жауапты табыңыз
- Фофолипидтер күрделі эфирлер:
- спирт, 2 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
- спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
- глицерин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
- сфингозин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
- спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты жоқ зат
- ФЛ-тің липотропты әсері – ол:
- бауырды майланудан қорғайды
- миокардті май басудан қорғайды
- липолизді күшейтеді
- липидтердің гидролизін күшейтеді
- ағзадан липидтердің шығуын тездетеді
- Холестериннен түзіледі:
- Д3 витамині
- стероидты гормондар
- Д2 витамині
- өт қышқылдары
- тиреоидты гормондар
3 дұрыс жауапты табыңыз
- Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерол келесі рөл атқарады:
- Нерв импульстерінің бір бағытта берілуін қамтамасыз ететін диэлектрик
- Мембрана липидтерінің агрегаттық күйін реттейтін амортизатор
- Мембрананың КҚМҚ-ын пероксидтік тотығудан қорғайды
- бос-радикальды тотығудың пайда болуын қамтамасыз етеді
- нерв импульстерінің жан-жаққа таралуынқамтамасыз етеді
4 дұрыс жауапты табыңыз
9) Көп қанықпаған май қышқылдары аталады:
- Д тобының витаминдері
- Ғ тобының витаминдері
- Эссенциалды
- Алмастырылмайтын
- құнды
- дұрыс жауапты табыңыз
10) Көп қанықпаған май қышқылдырының маңызды қызметі:
- Мембрананың қатты күйін қамтамасыз етеді
- Холестериннің ерігіштігін арттырады
- Простагландиндердің негізін салушы
- Белоктардың ерігіштігін арттырады
- Иммунды жүйеге әсер етеді
...