Қазақ-мұсылман зиялыларының 1920-1950 жылдардағы мұрасы: тарихы мен болашағы
Автор: Berik Ka'diruly • Май 29, 2018 • Доклад • 1,158 Слов (5 Страниц) • 1,038 Просмотры
Қазақ-мұсылман зиялыларының 1920-1950 жылдардағы мұрасы: тарихы мен болашағы.
Ұлттың мүддесі дегеніміз ұлттың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ететін рухани һәм материалдық құныдылықтар. Рухани құндылық материалдық құндылықтың негізін қалайды. Бұл құндылықтарды қорғайтын тіл мен ділді, дінді жетік білген, өз ұлтын құлай сүйген ұлтжанды азаматтар ғана қорғай алады. Оларды біз ұлт зиялылары дейміз.
Қазақ зиялылары әрқашанда ұлттық құндылықтарды қорғай білді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тапқандығы да тарихтан мәлім. Қазақ зиялыларының көрген қасіретін, рухани жан азабын жеткізу өте ауыр. Сталиндік саяси қуғын – сүргін қоғам өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, тіпті оның құрығына әйелдер мен балалар да ілікті.
Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін дәйектемек.
КСРО-дағы қайта құру курсына байланысты 1988-1991 жылдары кеңстік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін саясаты мен кеңестік тоталитаризмді терең зерттеуіне жол ашылды. Осы кезеңде жапай қуғын – сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар, мақалалар жинағы көптеп жарияланды. Кейін тоталитарлық жүйе құлаған Қазақстанның зерттеушілері қуғын-сүргін саясатының алғышарттарын, жүргізілу барысын, салдарын қарқынды зерттеді. Әлі де зерттеу жұмыстары жалғасуда. Себебі, сталиндік зобалаңның ауқымы кең болғандықтан, оны 5-10 жыл көлемінде зерттеп болу мүмкін емес. Тәуелсіздіктің арқасында шаң басқан мұрағаттардағы зерттеушісін күтіп сарғайып жатқан деректерге қолымыз жетіп, сол уақыттың шындығын көре бастадық.
Кеңес өкіметі өзінің алғашқы күнінен бастап қоғамға кереғар əсерде болады деген ниетпен (1917 ж. 2 (15) қараша) барлық Ресей халықтарының теңдігі мен бостандығын, құқығын жариялаған мағлұмдамада (декларация) ұлтшылдық пен ұлттық-діни артықшылықтарды жою жəне шек қоюды көтерген еді[1]. Бірнеше күннен кейін Ресей мен Шығыс еңбекші мұсылмандарына арналған үндеу жарияланып, онда бүкіл Ресей мұсылмандарына, Поволжье мен Қырым татарларына, Сібір мен Түркістан қырғыздары (қазақтар) мен сарттарына, кавказдың түріктері мен татарларына, шешендер мен тау халықтарына патша үкіметі тұсында бұзылған діни сенімдері мен салт-дəстүрлері қайтарылып, ұлттық жəне мəдени мекемелердің барлығы еркін жəне ешқандай қолсұғушылық болмайтындығы келтірілді[2]. Бұл үндеуді орыс миссионерлік саясатының қысымын көріп отырған мұсылмандарға зор қуанышпен қарсы алып, кезінде алдап-арбаумен христиан дініне еріксіз кіріп, аты-жөнін өзгертуге мəжбүр болған, бірақ жасырын түрде ислам дініне құлшылық еткен мұсылмандар өз дініне қайта өтіп, дəстүрілі дінді жалғастырып, дін-шариғат қағидаларын ашық орындауына мүмкіндік туды деп түсінді. Белгілі жазушы Қ.Жұмаділовтың «Прометей алауы» атты кітабында отарлаушы мемлекеттің христиан дініне жергілікті мұсылмандарды алдап-арбаумен кіргізіп, жез қоңырлаулатып жатқаны туралы сипатталады. Өкінішке орай, бұл көзбояушылық, кеңестік идеологияның алдағы жүзеге асыратын кезекті науқанына дейінгі уақыт ұттыру əрекеті еді.
Дінмен күресте мерзімді басылым кең қолданылды. Халық ағарту саласын қайта құруда діни мектептер мен оқу орындарының жауып қана қойған жоқ, осы салада оқытушы қызметте жүрген діндарлар қызметтен қуылды. Осылайша діни мектептердің орнына жаңа түрдегі еңбек мектептерін ашу қолға алына бастады [3]. Əйтсе де мұсылман халықтары арасында діншілдік пен ұлтшылдықтың басым екендігі байқалды. Сондықтан кеңестік билік дінді мəдениеттің дамуына, өрлеуіне бірден-бір нұқсан келтіруші ретінде көрсетуді мақсат тұтып, еңбекші халық арасында діни нанымшылдықтың зияндығын түсіндіретін насихат жұмыстарын өрістете жүргізуге белсене кірісті.
...