Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Автор: Radika01 • Февраль 18, 2022 • Эссе • 1,022 Слов (5 Страниц) • 462 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
БӨЖ
Тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы»(эссе)
Орындаған: Әділ Ақдидар
Тобы: АЖ 21-13
Тексерген:Досекеева Гульмира
Эволюция деп отырғанымыз ортаның жағдайына,тіршілігіне сай бейімделіп даму сатысы.Ал біздің мемелекетіміздің яғни Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы Қазақ хандығының құрылуынан бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады.Себебі егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе,тәуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады.
Алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз өзінің 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында еліміз туралы: «Қазақ этносы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ол осы межелі кезеңіне отаршылдық немесе басқыншылық соғыспен келмеген. Қазақтардың тарихи тамыры тереңде. Ондай тамыр алғашқы қазақ хандығының құрылған кезеңімен әсте шектелмейді» деп ел туралы өз ойын айтқан.
Тарихқа көз салсақ Қазақ мемлекті болып бірден құрылып кетпедік және еш қиындықсыз өмір сүрдік деп те айта алмаймын. Қазақ хандығына дейін қазақ жерінде ерекше із қалған біз білетін ең көне тайпалық қауымдастықтан бастау алып, Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттері мен Түрік, Түркеш, Қарлұқ дәуірінен өтіп, Қыпшақ ұлысы, кейінгі Алтын Орда, Көк Орда, Ноғай Ордаларының құрамына кірген түркітілдес елдер мен халықтардың қосылуы қазақ хандығының қалыптасуына алып келді.Бұлардың барлығы Қазақстандағы мемлекеттілік тарихының кезеңдері болып табылады. Қазақ хандығының ерекшелігі – «қазақ» деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті болды. Яғни, Қазақ хандығының құрамына енген тайпалардың барлығының мемлекеті.
Орта ғасырлардағы қазақтардың мемлекеттілігі қазақ халқының пайда болуына, сақталуына және дамуына қолайлы жағдай жасады. Мемлекетіміздің қазақ хандығының Орталық Азия елдерінің, Еуразия жүйесіндегі тарихи тағдырында алатын орны ерекше. Қазақ хандығының саяси өмірі күрделі екені белгілі. Қазақ хандығы бір жарым ғасырдан астам уақыт ішінде өзінің кең аймағында көп нәрсені анықтап, тұрақты өмір сүрді және әрекет етті. Еліміздің тұтас мемлекет болып қалыптасуында үлкен тарих жатыр. Яғни, түгел бір эволюциядан тұратыны бәрімізге дерлік белгілі. Мемлекет болып қалыптасуға ғасырлар, жылдар, көптеген уақыттар қажет болғаны рас,әрине.
Қазақ хандығының құрылу арнасы ХV ғасырдан бастау алды. 1465 жылы Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келгеннен кейін, халық рухы өзін-өзі тұңғыш рет ашық бейнелеп, қазақ деген төл атымен аталды. Бұл хандық нығая келе XV ғасырдың екінші жартысынан былай қарай оған қараған халық – елдің өз ішінде де, көршілердің аузында да – түгелдей қазақ атына ие болды.
Біртұтас қазақ ұлты - бұл алғашқы қазақ мемлекеті, хандықтың қарқынды өмірі мен дамуының жемісі десек қателеспейміз. Сол заманнан бастап «Қазақстан» деп аталған мемлекеттің шекараларын ең мықты өкілдер ұсынған қазақ билеушілері қорғады. Қазақ елінің дербес мемлекет болып қалыптасуы тікелей халықтың сүйегіне таңба болып салынып, қаны мен теріне мықтап сіңген. Қарапайым халық пен батыр бабаларымыздың арқасында, еліміздің тәуелсіз шекарасы қанмен сызылды. Қазақстанның Ресей империясына қосылу кезеңі және Ресей үкіметінің билікті қолдарына алып, еліміздің зиялыларымен қатар, қазақ деген ұлты жою мақсатында жұмыс жасағандарын білеміз. Осы кезеңде Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін көптеген көтерілістер болды. Десе де, еліміз алдымен патша билігінен, сосын КСРО-ның қол астынан шығу арқылы егемендік алды. Бірақ, сол егемендікке дейін, еліміз біраз нәрселерді бастан кешірді десек еш қателеспес едік. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісін еске алсақ, өте аянышты оқиғаға толы. Студенттер, қазақ жастары, өз өмірлерін құрбан етті. Қазақ ұлты өз мемлекеті үшін күресіп, біраз жастар «ұлтшыл» деген атаққа ие болып, өмірлерінен айырып қалды. Бірақ, олардың батылдығы мен батырлығы еш ұмытылмайды, біздің есімізде, санамызда.
...