Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Автор: Assylbek05 • Октябрь 7, 2020 • Эссе • 373 Слов (2 Страниц) • 4,906 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлық қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СӨЖ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: «Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы» тақырыбы бойынша рефлексия формасындағы эссе жазу
Мамандығы:Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі.
Орындаған:Дүйсенәлі Асылбек Тобы:СИБк-20-6
Тексерген:Төленова Зира.Тарих ғылымдарының кандидаты , доцент
Ең әуелі қазақ сөзінің шығуына мән берсек,қазақ сөзі-өте қадірлі сөз. Ол-күшті,мықты,шабытты дегенді білдіреді. Қазақ сөзі б.з.д. VII-IV ғасырларда пайда болып,оны еркіндік сөзімен ұштастырады. Ал мемлекетінің құрылуы өзге де мемлекеттер секілді ұзақ уақытты қамтыды. Еліміздің қалыптасу негізін сақтардан бастаған дұрыс секілді. Ең әуелі қазақ даласында қалыптасқан мемлекеттер-Арийлер мен Турлар немесе Сақ тайпалары.Келесі кезеңде халықтардың ұлы қоныс аудару кезінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Осы кезеңде ғұндар келген соң,түркілену кезеңі басталады.Ғұндар ыдыраған соң Ежелгі түрік мемлекеттері құрылды. Түрік қағанаты,Батыс және Шығыс Түрік қағанаты,Түргеш қағанаты,Қарлұқ,Оғыз,Қимақ қағанаттары. Содан кеін дамыған ортағасыры басталады.Осы кезеңде Моңғол империясы туралы көп айтылады.Моңғол империясы 1218 жылы Қарахан мемлекетіне басып кіреді де,барлық қалаларды жаулап алады.Моңғол импекриясы ыдырағанна кейін бірнеше мемлекет пайда болады. Ақ Орда,Моғолстан,Әбілқайыр хандығы,Ноғай Ордасы.Осы кезден бастап ақ , Қазақ мемлекеті құрылысы бастайды.Дәл осындай кезеңдерден өткен халық “Қазақ” мықты болмай,қалай болар. Осыншама ұзақ уақыт құрылған халықты тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұйыған бір отбасыдай ұстауға жан тәнін берген болатын. Дәл осындай деммен және де қалыппен келесі президент Қ.К.Тоқаевқа аманат етіп тапсырды. Міне бүгін Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі,бұл – тарих. "Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді" деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сол тағдырлы оқиғалардан бері 30 жыл өтті. Осы жылдар ішінде Қазақстан ұлы державалардың бірінің құрамдас бөлігі тәуелсіз, қазіргі заманғы дамыған елге айналды, барлық елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатты.
...