Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы

Автор:   •  Январь 26, 2021  •  Реферат  •  482 Слов (2 Страниц)  •  3,210 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы

Қазақ халқының қалыптасуы, яғни эволюциясы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақыт аралығвн қамтиды. Оның қалыптасуы негізгі Сақтар заманынан бастау алады. Қазақ даласында ең алғаш қалыптасқан мемлекеттер ол Арийлер мен Турлар немесе Сақ тайпалары болып табылады. Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, əсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Енді ғұндар қазақ жеріне аяғы тиіп, бірітіндеп түркілену кезеңі басталды. Ғұндар ыдырағаннан кейін Түрік мемлекеттері құрылып, пайда бола бастады. Түрік қағанаты, Батыс түрік жəне Шығыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлүқ, Қимақ қағанаты, Оғыз қағанаты. Бұдан біраз уақыт өте келе дамыған ортағасыры басталады. Бұл ортағасырлық кезеңінде Монғол империясы ел аузында айтылады. Монғол империясы 1218 жылы Қарахан мемлекетіне басып кіреді де, барлық қалаларды жаулап алады. Монғол империясы ыдырағаннан кейін бірнеше мемлекет пайла болады. Ол Ақ Орда, Моғолстан, Əбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы. Осы кезден бастап-ақ бірітіндеп Қазақ мемлекеті қүрыла бастайды. XV ғасырдың II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеуші, ғалымдардың қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин əлеуметтік мəнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жəнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дəлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.

Менің ойымша біздің қазақ деген жеке ұлт жəне мемлекет болуымыздың бірден бір себебі ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз,екіншіден тіліміз,үшіншіден өзімізге тəн салтдəстүрлеріміз.Мемлекеттілігіміз Қазақ хандығынан бастау алады.Біз мемлекеттілік алғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік есткен.Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады.Себебі егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе,тəуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады.Жəне де қазақ хандығы жылдарында шешімді билер,шешендер ханмен ақылдасып шешіп отырған.Ал қазіргі таңда біздің елімізде министр,депутаттар бар. 1991 жылдың 16— желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың еліміздің дамуы мен өркендеуіне көп үлес қосқанын ескермеске болмайды.Жас мемлекет тарихындағы жаңа дəуір осы тəуелсіздік алған уақыттан басталады.1986 жылғы аға-апаларымыздың көтеріліске шығуының себебі тек тəуелсіздік ғана емес,сонымен қатар қазақ деген ұлтты сақтап оның жойылып кетуіне жол бермеу деп ойлаймын.Əрине біздің мемлекетіміздің тəуелсіздікті көптеген елдер оңайлықпен мойындаған жоқ.Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жемісіміз ол еліміздің БҰҰ-на кіруі.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тəуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сəтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді.Тəуелсіздік алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер орын алып жатыр.Тіпті қарапайым мысал ретінде Астана қаласын алуға болады.Бұл қаланың негізін елбасымыз Н.Ə.Назарбаев қалады.Сонымен қатар 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізілді.Қазіргі таңда елбасымыз Қазақстан Республикасының алдыңғы елдер қатарынан көрініп,біздің мемлекетімзді өзге елдердің тарихында қалдыруы үшін бар күшін салып жатыр.

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (55.1 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club