Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы

Автор:   •  Февраль 10, 2021  •  Реферат  •  360 Слов (2 Страниц)  •  741 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы

Қазақ! Қазақстан! Қазақстаным! Туған жердің есімі жүрекке қалай жылылық ұялатады, иә?! Қазақстан десе кең байтақ көк шалғын, ашық аспан, өлкемде еркін жүрген сәйгүліктер, бұлақтың сылдырымен жарыса күлген сәби үні елестейді. Бұл менің ата бабамның аманат еткен тәуелсіздігінің жемісі деп білемін! Отанымды ойлап осындай ыстық сезімге бөлену, бойыма мақтаныш сезімін тудырып, мемлекетіме деген махаббатымды еселейді. Енді осы тәуелсіз мемлекетімнің тарихынан сыр шертуді өзімнің Отан алдындағы борышым деп білемін!

Жалпы «қазақ» сөзі не мағына береді деген сұраққа тоқталсам. Ежелден келе жатқан аңыздар мен Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Н.Самойлович және тағы да басқа көптеген ғалымдарымыздың зерттеулеріне сүйенсек «қазақ» сөзі мынадай мағыналар береді:

еркін, тәуелсіз

еркін адам

батыл, ержүрек

нағыз сақтар

Ежелден еркіндікті сүйетін халқымның қазіргі таңдағы мамыражай күні үшін қанша адам өмірін арнады, күресті, шыдады, жеңілген де кездері болды, бірақ түбі жеңістің туын көкке көтерді. Қазағымның тарихы сонау үйсін, қаңлылардан бастау алып, түрік қағанатының бөлініп шығуымен жалғасып, алғаш Қазақ деген атпен бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар ерлігімен өз сабақтастығын тапқан даңғыл жол іспеттес. Сонау XV-XVI ғасырларда құрылған Қазақ хандығының тарихында «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғыны» құрастырған Тәуке хан мен Төле, Қазбек, Әйтекедей билердің, Абылайдай хандардың өмірі, жүрген жолдары сайын дала төсінде сайрап жатыр. Хандық

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (38 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club