Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
Автор: liokaibraimkulva • Март 14, 2021 • Реферат • 488 Слов (2 Страниц) • 569 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЕАҚ "Ғ.Ж.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті"
«IT-инжиниринг» кафедрасы
Семестрлік жұмыс №1
Пәні: «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»
Тақырыбы: «Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы»
Мамандығы: 5B070400–«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
Тобы: ВТк 20-2
Орындаған: Ибраимкулова Ләйла Ерханқызы
Тексерген оқытушы: Рахимжанова Зухра Мураткызы
Кіріспе
Бүкілресейлік Мұсылман Съездері әр үш жыл сайын жиналу мақсаты.Бірінші сьезде Ресей азаматтарының нәсіліне,ұлтына,жынысына қарамай тең құқықта болуына қол жеткізді Екінші съезге қатысқан қазақ зиялылары яғни Жантөрин Сәлімгерей Сейітханұлы,Шәймерден Қошықұлов, Уалихан Танашев бұл съезд қарастырған мәселе Ресей мұсылмандарының саяси ұйымын құру.Үшінші съезде оқу мәселесі бойынша 33 тармақтан тұратын қарар қабылданды.Бұл съезге қатысқан қазақ зиялылары С.Жәнтөрин,Ш.Қосшығұлов.Төртінші съез мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен өткізілді.Бесінші съезде “Ресей мұсылмандарының діни істері”туралы заң жобасы әзірленген.Қатысқан қазақ зиялылары Б.Қаратаев,Ә.Бөкейханов.
Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесі Шура-исламидің құрылуы сонымен қата осы Шура-исламдің жетекшілері.
Ғасыр басындағы мұсылмандар арасындағы қозғалыс орталық езгіге қарсы Ресейдегі түркі және өзге де мұсылман халықтарын тұтастай майданға біріктіру жолында өзіндік діни,ұлттық,мәдени және саяси талаптарды көтерген демократиялық сипаттағы күрес екендігін,бұл қозғалыстың негізін құрайтын түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болатындығын қарастырамыз.
Мұсылмандық қозғалыстың XX ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алатын орны,жалпы осы қозғалыстың пайда болу нгіздері,мақсат-міндеттері және оған атсалушы азаматтардың сол мақсат-міндеттерді іске асыру жолындағы қызметі.
Алайда ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс мəселесінің əлі күнге дейін ақиқаты айтылмай келеді. Себебі, тоталитарлық идеологияның үстемділігі тұсында тарихымыздың бүтіндей бір кезеңдері, құбылыстары, соның ішінде Ресей империясын шарпыған ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс мəселесі де əдейі бұрмаланып, «реакциялық», «кертартпа», мəнсіз оқиғалар тізбегі ретінде көрсетіліп, объективті тұрғыдан зерттеуден тыс қалды.
Қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында бүкіл Ресейді қамтыған мұсылмандық қозғалысқа қазақ зиялылары да атсалысқан болатын. Мұсылмандық қозғалыстың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алар орны, жалпы осы қозғалыстың пайда болу негіздері, мақсат-міндеттері және оған атсалушы азаматтардың сол мақсат-міндеттерді іске асыру жолындағы қызметі арнайы зерттеуді қажет етеді.
...