Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Автор:   •  Ноябрь 1, 2018  •  Дипломная работа  •  23,447 Слов (94 Страниц)  •  1,137 Просмотры

Страница 1 из 94

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400 - мамандығы – «Тарих»

       

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1        ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ..............................................................................9

1.1        Көтерілістің шығу себептері мен барысы ........................................................9

1.2           Көтерілістің ошақтары: Жетісудағы, Торғайдағы және басқа да  орталықтары...............................................................................................................19

2        КӨТЕРІЛІС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН..........................................35

2.1 Қазақ  интелегенциясының  1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске  байланысты тарихи көзқарастары............................................................................35

2.2        Көтерілістің  сипаты, жеңілу себептері  және тарихи маңызы.....................49

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихын зеттеу 1990 жылдың басынан жаңа арнаға түсті. Оның басты ерекшеліктері: 1) тарихи деректердің мол қорын толық пайдалану; 2) маркстік-лениндік методологияның қасаң қағидаларының ауқымынан шығу; 3) бұрын тарихи зерттеулерде айтылмай жүрген тақырыптарға батыл бару. Қазақ этносының ұлттық қасиеттерін, мемлекеттік санасын, оның күрескерлік  тарихын тұтас зерделеуде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін зерттеу үлкен орын алмақ. Қазақ елі өзінің сан жылдар бойы аңсаған мемлекеттік егемендігіне жетіп, тәуелсіз ел ретінде қаыптаса бастаған шақта тарихымыздағы азаттық күрестің белестеріне мән беру бүгінгі күнгі алаптардан да туындап отыр. Халықтың ұлттық санасының оянуына қоғамдық қозғаушы күш болған ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын білу ұлтымыздың тәуелсіздікке алдағ қадамын бекіте түседі.

Қазіргі таңда ұлттық санадағы терең өзгерістер, тәуелсіз мемлекеттің құрылымдық жүйесінің қалыптасуы, қоғамдық дамудағы тың серпіндер тарихымыздағы «ақтаңдақ» беттердің орнын толтыруды, оқиғалар мен құбылыстарды, әсіресе, халық санасының бастауы болған ұлт-азаттық көтерілістерді жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеуді күн тәртібіне қойып отыр. Ұлт-азаттық көтеріліс күні кешеге дейін прогрессивті немесе реакциялық сипатта ған болуы мүмкін деп, бір жақты бағаланып, тарихшыларға көтерілісті тарихи шындық тұрғысынан бағалауына мүмкіндік бермеген еді. әсіресе, кеңестік дәуірде қалыптасқан әлеуметтік орта жағдайы, жалған интернационализм, коммунистік идеология  тарихшыларымыздың ұлт-азаттық көтерілістің сипатын, өзіндік ерекшелігін объективті тұрғыдан зерттеуді қиындата түсті.

Қоғамның шектен тыс идеологияландырылуы, тапшылдық, зерттеушілердің ұлт-азаттық көтеріліс тарихын сыңаржақ тұжырымдауына, қате пайымдаулар жасауына әкелді. Мұндай тұжырымдар қозғалыс тарихын біржақты түсінуді туғызды. Маркстік-лениндік методология өктемдігі ұлт аймақтардағы қозғалыстардың маңызын, мәнін төмендетіп, керісінше пікірде болды. Шын мәнінде қозғалыс халық санасының өскендігінің, тәуелсіздікке ұмтылуының көрінісі болды.

Қазақ елі тарихында қуанышты сәттермен қатар, қайғылы да қаралы беттер аз болмаған. Солардың ішінде, әсіресе, халқымыздың жадында үш ауыр кезеңнің ерекше сақталып қалғаны анық. Олар: қылышынан қан тамған қаһарлы Шыңғысханның шапқыншылығы  мен бабаларымызды «ақтабан шұбырынды» еткен Жоңғар ойраны және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Ел зердесінде осы зұлматтар «Ойран заман», «Зар заман», «Қилы заман» деген атпен сақталып, оларды бастан кешкен халық трагедиясын тарихшыларымыз ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілікке үмытылмайтындай түсіндіріп келеді. Осы мәселені зерттеуге тарихшы-ғалымдарымыз үлкен үлес қосуда.

...

Скачать:   txt (305.3 Kb)   pdf (731.2 Kb)   docx (112.5 Kb)  
Продолжить читать еще 93 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club