Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен салдары

Автор:   •  Февраль 10, 2022  •  Реферат  •  399 Слов (2 Страниц)  •  728 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен салдары

Қазақ жеріндегі ашаршылық, негізінен, екі себептен болды. Біріншісі, патша үкіметінің ауыл шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы болып келеді. Екіншісі, қазақ жеріндегі қолайсыз ауа-райынан болған жұт болатын. Бірінші себебін қарастыратын болсақ, патша үкіметінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатының қателіктері болып табылады. Алайда 1921-1922 жылдарындағы аштықтың себебі – қазақ жерінің едәуір бөлігін қуаншылық жайлап, ал оның алдында қатты жұт болғаны болатын. Осы жұт пен қуаншылық уақытында малдың 80%–ы қырылып қалған болатын. Елдің 1/3 бөлігін аштық жайлады. Одан кейін халық біртіндеп өз қалпына келе бастағанда, 1930-1932 жылдары «ұлы жұт» болады. Бұл «ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» саясатының әсерінен болып табылады. Шаруаларды тәркілеу саясатынан болған осы ашаршылық қазақ тарихында ең ауыр кезең болып табылады. Ұжымдастыру алдында 40,5 млн мал болса, ұжымдастырудан кейін небәрі 4,5 млн мал басы қалған еді. Патша үкіметінің орташа ауқаттыларды да байға теңеп, олардың малдарын алып кеткендері патша үкіметінің қателігі болып табылады. Негізі, осы ашаршылық патша үкіметінің қазақ халқына істеген «геноцид» болып табылады.

Осыдан біз ашаршылықтың негізгі екі себебін айта аламыз.

1) Патша үкіметі;

2) Ауа-райынан болған жұт.

Ашаршылықтың салдары, негізінен, біздің халықта қазіргі күнге дейін келе жатыр десек қателеспейміз. Себебі, біздің демографикалық ахуал енді ғана қалпына келіп жатыр. Сонда ашаршылықдың салдары:

1) халық санының азаюы;

2) халық денсаулығының төмендеуі, жұқпалы аурулардың таралуы;

3) жер аударушылардың көбеюі;

4) ашаршылық кезіндегі зиялыларды ату жазасына кесу.

Осы салдарының біріншісі шындығында біздің елге жасалған геноцидтің нәтижесі болып табылады. Сол уақыттағы патша үкіметінің әділетсіздігі мен тек өз қамын ойлауы, біздің халықтың ауыр хәлде күн кешіп, адамдар өз жақындарының өліміндерін көруіне дұшар етті. Сол уақытта халықтың 6,2 млн тұрғындарынан 2,1 млн-ға жуығы аштық пен індеттен қайтыс болып, елдің 40% –ы қырылып кетті. Одан кейінгі денсаулықтың төмендеуі осы қайтыс болудың пайызын көтеретін салдарының бірі болып табылады. Аурулардың пайда болуы, олардың арғы ұрпаққа да берілуі, ашаршылықтың ең ауыр салдарының бірі болып табылады. Жер аударушылардың көбеюі халықтың санын азайтып, қазақ халқының жан-жаққа болуына алып келді. Егер де қазақ қандастарымыз жан-жақта бола бергенінде, мемлекет болып қалыптасуымыз қиындай түсетін еді. Бұны түсіндірудің де қажеті жоқ секілді. Қазақ зиялыларының көзін жою – қазақ халқының ұлы кісілерінің азаюы. Демек, біздің ой-санамыздың ашық болып, білімді кісілеріміздің көбеюіне жол бермеу болып табылады.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (41.2 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club