Қазан төңкерісі және Қазақстан: кеңес билігін орнатудың жолдары және «Ресей халықтарының құқықтарының декларациясы»
Автор: 123ernar • Октябрь 10, 2021 • Контрольная работа • 2,966 Слов (12 Страниц) • 402 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазан төңкерісі және Қазақстан: кеңес билігін орнатудың жолдары және «Ресей халықтарының құқықтарының декларациясы».
Мамандығы 6В07109 -Аспап жасау
Орындаған Уразов Самат Тобы ПСк-21-1
(Аты-жөні)
Тексерген
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
« » 2020 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2021
Жоспар
Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3-5
- Қазан төңкерісі--------------------------------------------------------6-9
- Кеңес билігін орнатудың жолдары-----------------------------10-12
- Ресей халықтарының құқықтарының декларациясы--------13-14
Қорытынды---------------------------------------------------------------------15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------16
Кіріспе
Қазан революциясы – ХХ ғасырдағы үлкен саяси оқиғаның бірі. Осы төңкерісте жеңіске жеткен большевиктер Кеңес одағын құрды. Осылайша әлемдік тарихта тұңғыш рет жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым орнату талпынысы жасалды. Қазан төңкерісінің нәтижелері әртүрлі бағаланады: біреулер Кеңес одағына біріккен елдер өркениет көшінен артта қалды, тоталитарлық езгі орнады десе, екіншілері үшін бұл адамзат тарихындағы орасан зор прогрессивтік оқиға саналады. Бұдан басқа да саналуан көзқарастар бар екені белгілі. Десек те, тоталитарлық режимнің қатаң бақылауында болған Қазақстан үшін Қазан төңкерісінің нәтижесін біржақты бағалауға болмайтыны айқын. Қазан революциясы Ресейдің жаңа дәуірін бастап берді. Бұл революция тек Ресейде ғана емес, бүкіл дүниежүзі тарихына үлкен өзгеріс енгізген оқиға. Сондықтан, осы Қазан төңкерісі қалай жүзеге асты деген мәселені жалпы дүниежүзі тарихы тұрғысынан қарастыру керек. ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында бүкіләлемдік тарихта ұлы державалар империялық деңгейге көтерілді, сонымен бірге, кейіннен ол қатарға Германия мен Ресей империялары қосылып, дүниежүзін қайтадан бөліске салу мәселесінде дәстүрлі империяларға қарсылас болды. Бірінші дүниежүзілік соғысты империалистер арасындағы мүдде қақтығысы шиеленісуінің соңғы жарылысы деп қарастыруға болады. Ал, Ресей империясы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында өзінің отарлық территориясын кеңейту сатысында болатын. Міне, шығысқа қарай бет алған Герман империясымен мүдде қақтығысы Ресейді ақыры соғысқа әкеп тіреді.
Одақтастар мен Антанта арасындағы бұл соғыс 2 жылдан кейін екі жақты да дағдарысқа ұшыратты. Ел ішінде экономикалық, саяси, әскери, қоғамдық қайшылықтар орын алды. Сол дағдарыстың ең ауыры Ресейде болды. Батыс елдерінде де, Ресейде де халық соғысты тоқтатуды талап етті, билікке қарсылық күшейді. Ақыры Ресейдегі Ақпан төңкерісі патшалық жүйені құлатып, Уақытша үкімет құрылды. Бірақ, ол өзінің тарихи міндетін атқара алмағаны мәлім. 1 дүниежүзілік соғыс кезінде Орта Азиядан, Қазақстаннан тылға адам алу жөніндегі патша жарлығымен 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс орын алды. Ресей империясы құрамындағы ұлттар бұл езгіден шығар жолда өзін-өзі басқару не болмаса ұлт-азаттық көтеріліс арқылы өзінің жеке ұлттық билігін орнатуға ұмтылды. Осы тұста үлкен идеологиялық ағымдар – социализм, социалистік мемлекет құру идеясы тарады. Оның теориялық қайнары марксизм болатын. Әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа тап болған елдер социалистік мемлекет құруды қолдады. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс сияқты патша билігіне, соғысқа қарсы қозғалыстар Ресейдегі дағдарысты тереңдете түсті. Міне, Ақпан революциясының жүзеге асуына қоғамдық-саяси алғышарттар жасалып қойған еді. Ал, ақпан революциясы барысында құрылған Уақытша үкімет буржуазиялық сипатта болатын. Сол кезде Ресей империясының құрамындағы елдерде өзін-өзі басқаруға, тәуелсіздікке қол жеткізу бағытындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар жүріп жатты. 1 дүниежүзілік соғыс Осман империясының толығымен жойылуына алып келді.
...