Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан өндірісінің дамуына қосқан үлесі

Автор:   •  Ноябрь 29, 2020  •  Курсовая работа  •  4,450 Слов (18 Страниц)  •  1,245 Просмотры

Страница 1 из 18

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

38 - нұсқа

№ 2 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Тақырып : Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан өндірісінің

дамуына қосқан үлесі.

Мамандығы : 6В07111 - Әуе көлігі және технологиялары

Орындаған : Төлеутай Аяулым Махсатқызы           Тобы: КТТк 20-3

Тексерген : Профессор Берлибаев Б.Т

________   ____________  «_____» ______________2020__ж.

Алматы 2020

Жоспар

Кіріспе.............................................................................................................4

1 Қ.И.Сатпаевтың өмір жолы .......................................................................6

2 Қ.И.Сатпаевтың ғылымның дамуына қосқан үлесі................................. 9

3 Қ.И.Сатпаевтың жетістіктері және естеліктер.........................................15

        Қорытынды.....................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................19

Кіріспе

“Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған адамды қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпас”. “Ұлы адамдар өмірі” айдарында осы жолдардың авторы - Қаныш Сәтбаев.

Қаныш Сәтбаев Имантайұлы Қазақстанның ұлы тұтар тұлғаларының бірі.Ол Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген. Сегіз қырлы бір сырлы Қаныш Сәтбаев өзінің артынан өшпестей із қалдырды. Қаныш Сәтбаев тек ғылымға ғана емес сонымен қатар оқу-ағарту ісі мен мәдениетте де өзінің өшпес ізін қалдырды.

Тақырыптың мақсаты:

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайлы мағұлматтармен таныстыру. Соның ішінде оның өмір жолы және еңбек жолын ұштастырып, оның жетістіктері жайлы баяндау. Ғалымның әрбір алға басқан қадамдары жеке ғылыми жаңалықтар екені жайлы және олардың Қазақстан үшін маңызын жеткізу.

Тақырыптың өзектілігі:

Ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстандағы шикізат көздерін ашып, елімізде пайдалы қазбалар көлемінің ауқымды екенін дәелдеді. Ең алғашқы Қазақстанадағы геолог ғалым, осындай ұлы тұлғамен және оның еңбектерімен танысу аза өзекті болып табылады.

  1. Қ.И.Сатбаевтың өмір жолы

[pic 1]

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

(1899-1964)

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушыларының бірі әрі академия президенті, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор әрі қоғам қайраткері. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Шын есімі Ғабдул-Ғани, нәрестеге дүниеге келген кезде азан шақырылып қойғанына қарамастан анасы еркелетіп  Ғани, Ғаныш деп атаған. Қаныштың атасы Сәтбай ауылға сыйлы, көзі ашық адам болған екен. 1902 жылы қажылық кезінде қайтыс болып, Меккеде жерленген. Ал әкесі Имантай бірнеше тілде еркін сөйлеген, Орыс географиялық қоғамының корреспондент мүшесі болған. Сондай-ақ ол Шоқан Уәлиханмен дос болған деседі. Қаныштың анасы туралы мәліметтер бастапқыда белгісіз болған еді. Тек «Иса қызы» Әлима деген мәліметтен артық мәлімет жоқ болатын. Кейіннен уақыт өте келе бұл сұрақтың да жауабы табылды.Әлима Исақызы Қанафиден Шорманұлының жесірі. Кейіннен Имантайдың тоқалы болған. Ауыр дертпен ауырып, Қаныш 2 жасар кезінде қайтыс болған. Қаныш Сәтбаев үлкен отбасында туып өсті, оның үш бауыры болды – біреуі туған, екеуі ағайындас. Туған бауыры Ғазиз Имантаевич Сәтбаев жақсы білім алып, үнемі отбасының қамын ойлайтын. 1925-30 жылдары Кеңес үкіметін орнатуға белсенді араласып, Ақкелін тұтыну одағының басқарма төрайымы болды, әртүрлі кооперативтер ұйымдастырды. Білім, ғылымға ерекше ықылас танытқан шаңырақта дүниеге келген бала үйдің кенжесі болатын. Қаныш туылған күні Имантай үйде тұрған Құранның таза бетіне “Жаңа күнтізбе бойынша 1899 жылы наурыз айының 31 күні мейрімді Алла Имантай атты құлына ұл сыйлады. Оған қасиетті кітапта бар Ғабдул-ғани есімін қойдық” деп жазған көрінеді. Есім араб тілінен аударғанда «Барлық жаратылыс иесінің (Құдайдың) құлы» деген мағына береді.Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан. Кейіннен барлығы бала Ғабдул-Ғаниді Қаныш деп атап кеткен болатын. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы алғашқы білімін ауыл молдасынан алды. Ол ауыл молдасынан араб және парсы тілдерін үйренді.Ауыл молдасынан алған білімін толықтыру үшін екі жыл көлеміндей уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде оқыды. Бұл мектеп Ақкелін ауылында ашылған. 1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді. 1921 жылдың басында Қаныш Сәтбаевтың тағдыры бір кездесуден кейін күрт өзгереді. Ол асқынған туберкулезден қиналып, қымызбен емделген-ді. Осы кезеңде Баянауылға емделуге кеңес геологы Михаил Усов келеді. 22 жастағы жігіт геология туралы әңгімелерге қызығып, 1921 жылы халық сотындағы қызметін тастап, Томскідегі техникалық институтқа түседі.Университет қабырғасындағы естеліктерде былай делінген: Қаныш ақылды, жақсы оқыған, ізденімпаз болды. Профессордың Қазақстанның геологиялық өткені туралы, оның тереңінде жатқан және зерттеліп, халыққа қызмет етуі керек орасан зор байлық туралы әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады. 1922 жылдың басында дерті Сәтбаевтың жолына тағы да тосқауыл болады да, жас өрен ауылына қайта оралады. Бірақ Қаныш оқуын тоқтатқысы келмей, үйінде университет курсынан өтемін деп шешеді. Бұған Баянауылға жиі келетін Усов көмектеседі. Сәтбаев жарты жылдан кейін университетке оралып, 1929 жылы оны сәтті аяқтайды. Қаныш Сәтпаев үшін Томск технологиялық институтының орны бөлек еді. Ол танымал геолог Михаил Усовтың шақыртуымен 1921 жылы осы оқу орнының тау факультетіне оқуға түсті. Павлодар облысының Баянауыл ауданынан келген ол, келе сала профессорлар үйіне орналасты. Сол кезеңде институттың тау факультетін басқаратын декан Михаил Усов Баянауылда ем қабылдап жүріп 22 жастағы жас жігіттің геология саласына икемді екенін байқайды. Тек үй жағдайында орташа білім алған жас жігіт сол кезеңде Баянауылда халық судьясы қызметін атқарып жүрген. Небәрі 22 жастағы Қаныш жан-жақтылығымен, ақыл-парасатымен профессордың көзіне бірден ілігеді. «Қаныш Имантайұлы кітап оқығанды ерекше жақсы көрген. Ол бос уақытының барлығын кітапханада өткізетін. Ол кісі, тіпті, Томскте қазақ тілінде «Ер Едіге» кітабын жарыққа шығарған. Институт қабырғасында аударма саласында да өзін сынап көрді. Қазақ халқының ән және әдеби шығармашылығы жайлы баяндамалар жасады», - дейді ТПУ қызметкері. 1926 жылдың көктемінде Сәтпаев өзінің жобасын жоғары деңгейде қорғап, тау инженері деген атаққа ие болды.

...

Скачать:   txt (63.5 Kb)   pdf (369 Kb)   docx (470.8 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club