Ұлы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі
Автор: Kurambay Danial • Октябрь 14, 2022 • Реферат • 1,109 Слов (5 Страниц) • 223 Просмотры
Шағын жоба
Тақырыбы: Ұлы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі
Орындағандар: Курамбай Даниал
Жолдасов Ержан
Төлеов Арсен
Жоспар:
- Кіріспе;
- Ұлы отан соғысының басталуы;
- Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері;
- Тыл жұмыстары;
- Маңғыстау Ұлы отан соғыс жылдарында;
- Қорытынды:
Кіріспе:
Тарих тізбегіндегі адамзат басынан өткізген соғыстың ең сұрапылының біткеніне де міне 77 жыл өтті. Бұл халықтар бірлігінің жеңісі, бұл қайталанбас ерлік пен батырлықтың жеңісі, бұл тылда қалған аналар мен балалардың жеңісі болды. Бұл соғыста әлем халқы сұрапыл соғыс деп мойындады. Себебі, ол адам баласының қол жеткізген техникалық, білімдік, ғылымдық табыстарының ең соңғы жетістіктерінің соғысы болды.
2.Ұлы отан соғысның басталуы.
1937 жылы фашистік мемлекеттер-Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ кұруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
Екінші дүние жүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құпия келісімді тек 1989 жылы алғаш жариялаған. Бұл құпия келісім бойынша 1939 жылы Германиямен КСРО Еуроп жерлерін бөліп алып бір мезгілде жаулап бастайды. 1940 жылы Германия Францияны басып алған соң, Литва, Латвия, Эстониядағы билікті кеңестер иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социолистік Республикалары құрылды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл көорсетпеді. Бұл жағдайда Германия өз жағына пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер жойылды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс қимылды аяқтаған соң фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастады. Соғыстан басып алған мемлекеттердің эуономикалық, әскери мүдделерін өз жағына пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағын оңай жаулап аламын деп ойлады. Ал, Сталин 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапыннан соғыс қаупін күтпеді.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі.“Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни шетел басқыншыларыннан азат етілу басталды.
3.Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері;
Батыс шекаралық округтердегі Қызыл әскер күшімен Германияны салыстырғанда, адам жағынан 2 есе, танктен 3 есе, ұшақтан 3 есе, артилериядан 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыста теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест қорғаушылары арасында айрықша көзге түскен қазақстандықтар: А. Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, Қ.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш,Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және т.б.
...