Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры

Автор:   •  Май 14, 2020  •  Реферат  •  269 Слов (2 Страниц)  •  796 Просмотры

Страница 1 из 2

Берілген мәтіннің тақырыбы ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мазмұнында ғасыр дамыған сайын біздің технологиялар да даму үстінде екенін баяндалып жатыр және әрбір әрекет, әрбір жасалып жатқан жұмыс бір батырманы басу арқылы жұмыс істейтін заманға дейін дамып, көтерілгенімізге назар аударыпыл отыр. Мәтіннің формасы – жазбаша, себебі кітаби стиль ерекшеліктері сақталуда. Көзделген аудиториясы – мәтінде көбінесе жаңа ғасыр туралы ақпарат айтылуда, сондықтан 12-18 жас аралықтарындағы жасөспірімдер, мектеп оқушылары, студенттер, және кәсіби жұмыскерлерге арналған. Мәтіннің мақсаты – қазіргі ғасыр дамып жатқан ғасыр екенін көрсету, адамдарды дамуға және талпынуға шақыру. Енді, мәтіннің стиліне тоқталып кетсем, мәтін публицистикалық стильде жазылған, алайда ғылыми стильдің элементтері кездеседі, себебі мәтін ғаламтор желісінде кездеседі, көркемдегіш құралдар байқалмайды, сандық көрсеткіштер мен терминдер кездеседі. Мәтіннің жанры мақала болып келеді, себебі стилі публицистикалық және көпшілік халыққа қолжетімді және түсінікті мәлімет. Мәтінде ақпарат беру, түсіндіру, баяндау түрлерінің элементтері кездеседі және автор мәтінді оқырмандарға сенімді ету үшін нақты есеп мәліметтерін пайдаланған. Тілдік деңгейге тоқталар болсақ, мәтіндегі ақпарат көздерін нақтылау мақсатында автор статистикалық мәліметтер (398 миллион, 3-4 есе көп, 812000$) мен жалқы есімдерді (Қытай, Foxconn) сілтеме ретінде пайдаланған. Сөздік деңгейінде берілген «технология», «мобильді телефон», «байланыс операторы», «компакт-дискілер» секілді терминдер, сынды-кәсіптік атаулар оқырманды қызықтыру және мәліметті ұсыну үшін қолданған. «Осыған дейін», «қазір мұнан», «арқылы» секілді жалғаулық шылаулар кездеседі. Сөйлемдік деңгейде мәтінде хабарлы сөйлемдер ақпараттың ақпараттың жаршысы екенін көрсетіп, баяндау мен ақпаратты хабарлау негіздейді. Сөйлемдер құрмалас және жай сөйлемдер түрінде кездеседі. Ойы аяқсыз қалған толымсыз, қысқа сөйлемдер жоқ. Мәлімдеу түрінде берілген сөйлемдер түсіндірмеі салалас құрмалас сөйлем болса, сандық көрсеткіштер берілген сөйлемдер аралас құрмалас сөйлемдерге жатады.  Мәтін деңгейінде, абзац құрылымы сақталған, автор жаңа мәліметтерді жаңа абзац жолына «-» қою арқылы бастаған. Автор көзқарасы кездеспейді.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (33.8 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club