Түркі ойшылдары мен ғалымдарының қазақстан тарихындағы орны, олардың еңбектерінің зерттелуі
Автор: uzakbaeva • Февраль 1, 2019 • Реферат • 4,141 Слов (17 Страниц) • 1,776 Просмотры
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
СӨЖ
Орындаған: Ахмет Рабиға 110 топ
Қабылдаған: Жүзтаева Бибіажар Нұрғалиевна
2018-2019 оқу жылы
Түркі ойшылдары мен ғалымдарының қазақстан тарихындағы орны, олардың еңбектерінің зерттелуі
Жоспар:
- Кіріспе.
Түркі ойшылдарының Қазақстандағы алатын орны.
- Негізгі бөлім.
А) Түркі ойшылдарының өмірі мен қызметі.
Б) Түркі ойшылдарының еңбектері және зерттелуі.
- Қорытынды бөлім.
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.
Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес.
Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Қадырғали Жалайыри, М.Х. Дулати т.б. қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Негізгі бөлім. А)Түркі ойшылдарының өмірі мен қызметі.
Жүсіп Баласағұн – орта ғасырдағы Шығыстың ұлы ойшылы, философы, қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым, XI ғасырдағы ірі ақын. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Ақынның өмірі туралы деректі поэмада және оның шығармасындағы екі алғысөзден, оның бірі – прозада, ал екіншісі - өлеңдерден алынған бірнеше үзінділерден байқауға болады. Жүсіп Баласағұн, қолдағы бар деректерге қарағанда, Баласағұн қаласында туған. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. Бұл қаланың орналасқан жерін Жетісу бойынан, Шу алқабынан, қазіргі кездегі Тоқмоқ қаласының маңынан іздеу қажет. Ақынның нақты туған жылы да анықталған жоқ. Қолдағы бар деректерге көз жүгіртсек, шамамен 1005-1018 жылдар аралығы деп алынады. Жүсіп Баласағұн сол кездегі мәдени орталықтар - Фараб, Қашқар, Бұхара қалаларында білім алды. Сол кездегі зиялы қауым өкілдері жан-жақты дарынды болуларымен ерекшеленеді, философия және ғылыммен қатар поэзия әрі саясатпен айналысқан, шахмат ойнаған. Олар араб және парсы тілдерін толық меңгерген, әртүрлі білім салалары бойынша философиялық және ғылыми шығармалар жазған. Ақьн, ойшыл, ғұлама Жүсіп Баласағұн Қашқарда тұрып, шығармашылық жұмыспен айналысады. Түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылатын "Құтты білік" поэмасын он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында жазып шыққан. Түрік философы Р.Р. Араттың деректері бойынша, автор поэманы аяқтаған кезде шамамен 54 жаста болған. Егер бұған 10 сенетін болсақ, онда Жүсіп Баласағұн 1015-1016 ж.ж. туған.
Махмуд ибн ал-Хусайн ибн Мухаммад әл Қашғари ( 1029—1101) —түрік ғалымы. Ол Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен және Баласағұн қаласын басқарған. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз тегін туған жерінің атымен атаған. Қазақша айтсақ – қашқарлық дегенді білдіреді. Ол сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында біраз уақыт тұрғанда «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерініңжинағы») еңбегін жазды.
...