Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі зерттеушілері Әмір Темір жайлы

Автор:   •  Март 29, 2022  •  Курсовая работа  •  29,588 Слов (119 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 119

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

УДК 000.0 (000)                                               Қолжазба құқығында

САПАРОВА НУРГУЛ ТОЛЕГЕНОВНА

ӘМІР ТЕМІР ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

0000000 - «Тарих»

«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі

дәрежесін алу үшін жазылған магистрлік жоба

Ғылыми жетекші:

Сыздыкова Гаухар Майсуровна

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Шымкент, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

I ӘМІР ТЕМІР ТАРИХЫ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ТАРИХНАМАДА 

1.1. Орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі Әмір Темір...........................................................................................................................23

1.2. Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі Әмір Темірдің зерттелуі.............27

II КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ ӘМІР ТЕМІРДІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЖАУЛАП АЛУ ТАРИХЫ

2.1.ХХ ғасырдың 20-30 жылдар Орталық Азия тарихындағы Әмір                Темірдің орны мен рөлі  жайлы зерттеулер............................................................45

 2.2. ХХ ғасырдың 40 - 50 жылдардағы зерттеулерде  Әмір Темір тарихы.........52

III ӘМІР ТЕМІР ТАРИХЫ ПОСТКЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА

3.1.Түркі зерттеушілері Әмір Темір жайлы.............................................................62

3.2. Отандық тарихшылардың еңбектеріндегі Әмір Темір.....................................75

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................

КІРІСПЕ

Диссертация тақырыбының өзектілігі. Еліміз өз тәуелсіздігін алған соң Кеңес заманында бұрмалауға ұшыраған тарихымызды зерделеп, қайта ой елегінен өткізіп, қалпына келтіруге үлкен назар аударылды. Әсіресе, әлемді жаулаған Ескендір Зұлхарнайын, Шыңғыс хан, Ганнибал, Әмір Темір тәрізді  ел билеген қолбасшылар. Сонымен қатар әлем тарихында орта ғасырларда Орта Азияда құрылған Әмір темір мемлекетінің жүргізген саясатын жан-жақты талдау кездейсоқ емес. Себебі бұл мемлекет орта ғасырдың ең ірі империяларының қатарына кіріп қана қоймай, өзінің көрші мемлекеттерін Иран, Үндістан, Қытай сияқты ірі елдерді бағындырып, ол мемлекеттердің тарихына өшпес із қалдырды.

Темірдің жүргізген сыртқы саясаты, жасаған жорықтары тарихта қалды. Бұл оқиғаларды талдау барысында біз өзімізге зерттеу нысаны ретінде Әмір Темір жайлы жазылған деректер тақырыбын алдық. Өйткені осы мәселені жан-жақты талдау барысында Ақсақ Темір жайында мәселелер талданады.

Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады. Бүгінгі таңда егеменді еліміздің халықаралық қауымдастықта өз орнын табуы, бізге отандық тарихымызды қайта зерттеуге мүмкіндік береді. Сол үшін беттері ашылмаған және осы күнге дейін айтылмаған тарихи оқиғаларды зерттеп, оған тарихи принцип негізінде объективті түрде баға беру үлкен жауапкершілікті арттыра түседі.

Осы күнге дейін мұрағат құжаттарынан патшалық Ресейдің  жүргізген тарихи бетбұрыстарына байланысты құнды материалдар сақталып келуде. Бұл мұрағат қорлар кеңес өкіметі жылдарында ашылмай келді. Сондықтан мұрағат қорларындағы жарияланбаған материалдарды ғылыми айналымға тартып, нақты дерек көздерін аша отырып, оны шетел зерттеушілерінің еңбектерімен салыстыра отырып, Әмір Темір мемлекетті басқару саясатының беймәлім тұстарын ашу, отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына кіреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Орталық Азия жаһангері, Ұлы Түркістан өсірген тұлға, әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері Әмір Темір тарихының Түркі мемлекеттерінде зерттелуі мәселесіне сараптама жасау зерттеу болып табылад.

...

Скачать:   txt (398.3 Kb)   pdf (694 Kb)   docx (129.7 Kb)  
Продолжить читать еще 118 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club