Сақтардың археологиялық еркерткіштері мен мәдени мұралары
Автор: Ак Ерке • Февраль 19, 2025 • Реферат • 5,117 Слов (21 Страниц) • 123 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
«Филология және әлем тілдері» факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сақ
Тексерген: Ф.А. Козыбакова
Орындаған: А. Өтебай, С. Баянбаева, С. Асқар, Ф. Байдүйсенова, Е.Аубаева
Алматы 2025ж
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Сақтардың шығу тегі.......................................................................................4
- Атауы..............................................................................................................4
- Қоныстанған жерлері....................................................................................4
II.Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы...................................................6
- Ауыл шаруашылығы.........................................................................................6
- Кәсіпшілігі.........................................................................................................8
- Тұрмысы..............................................................................................................9
- III.Сақтардың саяси жүйесі мен әскери өнері............................................11
- Әскери жүйесі...............................................................................................11
- Соғыстары.....................................................................................................11
IV.Сақтардың археологиялық еркерткіштері мен мәдени мұралары.......13
- Ескерткіштері................................................................................................13
- Мәдениеті......................................................................................................16
V.Діни нанымдары мен ғұрыптары...................................................................17
Қорытынды...............................................................................................................18
Әдебиеттер................................................................................................................19
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан аумағында алғаш тайпалық одақ құрып, мемлекет ретінде қалыптасқан сақтар — Ұлы Дала өркениетінің маңызды бөлігі. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ халқының тарихи тамырларын зерттеу өзекті мәселеге айналды. Сақтардың тарихы мен мәдениеті ұлттық сана-сезімімізді қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Олардың әлемдік мәдениетке қосқан «аң стиліндегі» өнері адам мен табиғаттың үйлесімділігін бейнелейді. Археологиялық қазбалардан табылған бай материалдық мәдениет үлгілері бұл өркениеттің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Сақтар — түркі халықтарының қалыптасуына негіз болған, әлем тарихында өзіндік із қалдырған халық.
Сақ мемлекетінің тарихын зерттеу ежелгі Қазақстандағы темір дәуірі, көшпелі шаруашылықтың дамуы және алғашқы әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу көшпелілер өркениеті мен «номад» ұғымдарын нақтылауда маңызды рөл атқарады.
Жұмыстың мақсаты: Сақ мемлекетінің қалыптасу тарихын, саяси-әлеуметтік құрылымын, шаруашылық ерекшеліктерін зерттеу және археологиялық ескерткіштер арқылы олардың мәдени мұрасын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Сақ мемлекетінің құрылу үдерісін, әлеуметтік құрылымы мен саяси жүйесін зерделеу;
2. Сақтардың тұрмысы, шаруашылығы мен кәсібін тарихи деректер негізінде талдау;
3. Сақ мәдениетінің көшпелі өркениеттегі рөлін анықтау;
4. Қазақстан аумағындағы сақ ескерткіштерін зерттеу арқылы олардың тарихи маңызын ашу.
Жұмысқа тарихнамалық шолу: Бұл жұмысты жазу барысында ежелгі грек және парсы тарихшыларының (Геродот, Страбон, Арриан, Ктесий, Аммиан Марцеллин) еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар К.М Байпақов, Ж.К. Таймағамбетов және басқа да зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен археологиялық зерттеулер нәтижелері негізге алынды.
...