Сақтардың өмір салты
Автор: Ботагоз Усипбек • Сентябрь 24, 2021 • Реферат • 2,904 Слов (12 Страниц) • 786 Просмотры
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
Баяндама
Пәні: Арт білім беру
Тақырыбы: «Сақтардың өмір салты»
Орындаған: Үсіпбек Ботагөз
Топ: 307
Курс: 3
Қабылдаған: Бекенова.Б.Н
2021-2022 оқу жылы
Жоспар: 1. Кіріспе. Сақтардың тұрғын үй және киімі. 2. Негізгі бөлім. 2.1 Діни нанымдары мен ғұрыптары; 2.2 Бейнелеу өнері. Аң стилі. 3. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тұрғын үй және киімі. Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпаның мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті. Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың - әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақ тайпаларында әр түрлі болған. Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі-киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Көшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б.з.б 1 мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді. Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың көш-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылатын киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте-шикі кірпіштен, солтүстік және шығыста-бөренелерден салынған үйлер болғаны мәлім. Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер еүмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезеңдегі жер үстінде тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелене жабылған бұл ағаш құрылыстар киәз үйге ғажап ұқсайды. Көшпелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының бастапқы түрі төбесі шошақ күрке, ал далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды. Күрке мен жертөленің эволюциясы бір жағдайда төбесі шошақ киіз үйдің, екіші жағдайда төбесі дөңгелете жабылатын киіз үйдің жасалуына жеткізді. Сақтардың киім, бас киім және аяқ киім үлгісі туралы деректер көбірек. Мәселен, Геродот сақтар топтарының бірі жайында олардың тығыз киізден тігілген шошақ бөрік киетінін хабарлайды. Персепольдегі Ксеркс сарайының бедеріндегі және Пасаргадтағы Дарий мазарындағы бейнелер сақтардың киімі туралы айқын түсінік береді. Оларда бейнеленген сақтар биік шошақ бөрік, денемен дене, тізесіне дейін жететін бешпент киген, белбеу буынған, тар шалбар және өкшесіз аяқ киім киген; белбеудің оң жағына қанжар, ал сол жағына садақ ілінген.
...