Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ресей патшалығының XVIII ғасырда Қазақстандағы жер саясаты және оның салдары

Автор:   •  Апрель 8, 2018  •  Реферат  •  1,882 Слов (8 Страниц)  •  3,361 Просмотры

Страница 1 из 8

«Ресей патшалығының XVIII ғасырда Қазақстандағы жер саясаты және оның салдары»

XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ халқының халықаралық жағдайы қиындай бастады.Осы қиын жағдайдан шығу үшін  Ресеймен әскери одақ құрудан басқа амал болмады. Алғаш рет  Қайып хан 1716 жылы  Ресейге елші жіберіп, сыртқы жауға  қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекетін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Ресей империясына үміт артқан Әбілқайыр хан алдына мынадай мақсаттар қойды.Біріншіден, Ресеймен сенімді байланыс орнатып бар күшті жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыру. Екіншіден, Ресейге арқа сүйеп, жеке қарсыластарының сағын сындырып, өз беделін көтеру. Үшіншіден, Жайық, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы мал шаруашылығын дамыту үшін  бейбіт өмір қажет болды.Төртіншіден, Ресей және басқада  елдерден өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал, енді Ресей империясының  Қазақстан жөніндегі жоспары қандай болды?  Ресей қазақтардың жоңғарлармен соғысып жатқанын пайдаланып, қазақ жеріне бекіністер салу арқылы біртіндеп жаулап алуды көздеді. Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Петербурға екінші рет елші жіберді. Ондағы басты мақсаттарының бірі Жоңғарларға қарсы одақ құру болса, екіншісі, Ресей әкімшілігіне сүйене отырып өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып өзі біріккен хандақтың жеке дара басшысы болуға тырысты. Әбілқайыр елшілікке Ресей императрицасы Анна Иоанновнаға өзін бодандыққа және қамқорлыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдады. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Тек қана  1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына  қабылдайтыны жөнінде  сенім грамотасына қол қойылды. Ресей үкіметі қазақ жерін өз бодандығына  алғаннан кейінгі алғашқы жұмысын жаңадан бағындырылған халықтың жерінде қамалдар мен бекіністер салудан бастады.1734жылы Орынбор қаласын салу ісі қолға алынды да, сол сияқты қамалдар мен бекіністер жүйесі Жайық, Ертіс, Есіл өзендерін жағалай  тартып кете барды. Осыған байланысты қазақ бұрынғыша еркін көшіп-қону мүмкіншілігінен айырылды.Ең қиыны,бірде қалмақ, бірде башқұрттармен таласып-тартысып жүріп  малын жаятын Еділ мен Жайық орыстардың қолында қалды. Патша үкіметі 1734  жылы И.Кирилловқа берген нұсқауында Жайық өзені шекара болып белгіленді, қазақтардың өз бетімен малын айдап Жайықтың оң жағалауына өтуіне тыйым салынды деп жазады. Бұрын қазақ жайықтың сол жағалауын жазда жайлайтын да қысқа қарай оң жағалауға өтететін. Патша үкіметінің тыйым салғанына қарамай  қазақтар  бақылаушылардың көзін ала беріп оң жағалауға өтіп кете берді. Оларды сол жағалауға қарудың күшімен қуып жіберу үшін подполковник Ртищевтің отряды шығарылды. Күн көріс қамы не істетпейді? Қазақ жайықтың оң жағалауға өтуін сонда да қоймады.Үкіметтік сенат 1744 жылы Жайықтың оң жағына өтіп кеткен қазақтарды жер аудару жөнінде Указ шығарды. Бір ғажабы, бұл жаза да қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне тосқауыл бола алмады. Арада үш жыл уақыт өткеннен кейін, 1744 жылы 11 мамырда  Еділ мен Жайық арасындағы кең даланы жыл сайын күзде жаппай өртеу туралы Указ шығарылды. Отаршыл орыс үкіметінің күткені де осы еді. Сол жылы күзде Жайықтың оң жағалауын сонау Атырауға дейін алып жатқан кең далаға арнайы отрядтар шығып өртеп жіберді. Патшаның отаршыл әкімдері қазақтарды қалалар мен әскери бекіністердің, қамалдардың маңайына жолатпай қойғаны аз болғандай, малының жайылымдық жерлерін өртеп, жауына жасайтын қастандықтай, бұрын құлақ естіп, көз көрмеген осындай бір сұмдық қылмыс жасады.  ( Сапабек Әсіп «Қазақ қасіреті» Алматы 1994 , 3-бет). Қазақ ССР тарихы, 3т. 1982, 50-б.)

 XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері  алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты. Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады. Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыратқан орыс босқындарын әкеп орналастырды.Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазакстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форцостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты XVII ғасырдың 60-жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды. Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әскери күштер әкелінді. Бұдан басқа патша өкіметінің өкімшілігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларын қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару жөнінде шаралар қолданылды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салынды. Патша өкіметінің отарлау ежелден тұрып жатқан қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты, Сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Шығыс аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, Цин империясы әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кіру қауіпі, 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмамбет өлгеннен кейін хан болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы өкімет билігін де қабылдауға мажбүр етті. Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясат Қазақстанның өмірлік мүдделеріне сай келді. Екі ірі мемлекеттің Абылайды Орта жүз ханы деп мойындауы, оның позициясын едәуір нығайта түсті. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы күресте үш жүздің жасақтарын біріктіріп, қазақ халқының азаттық Күресін ұйымдастырған айбынды әскери қолбасшы болды. Абылай аса ірі шайқастарда ерен ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ол қазақтардың бір орталыққа бірігіп, сыртқы жаулармен күресте олардың еркіндігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірді.1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланды. Ол бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп, өз әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. ХҮІІІ ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастады. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып-бақылауға патша өкімдерін қойды.1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары» туралы жарғы, 1824 жылы «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» — деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды. Сондықтан жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберден екінші әкімшіліктін жеріне ауысуы шектеліп, бұрынғы көшіп-қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тарайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.XIX ғасырдың басында Хиуа хандығы Мервті басып алып, өзінің билігін Каспий теңізі жағасындағы түркмендердің бір бөлігіне, Үстірт пен Сырдария қазақтарына жүргізіп тұрды. Ал Оңтүстік Қазақстан қазақтарының бір бөлігі Қоқан қарауында болды. Хиуа мен Қоқан қол астындағы қазақ шаруалары бұл елдердің феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілді. Олармен бірге еңбекші қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар және басқа да халықтар ұзаққа созылған ұлт-азаттық күресін жүргізді. Соның ішінде 1821 жылғы көтеріліс айрықша тегеурінді болды, оған Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңындағы қазақ шаруалары қатысты. Көтерілісті Тентектөре басқарды, оның басшылығымен 12 мыңға жуық көтерілісші шайқасты. Көтерілісшілер Сайрам қаласын басып алып, оны өздерінің әскери-стратегиялық тірегіне айналдырды.Бұл кезге дейін Хиуа мен Қоқан хандары өздерінің қол астына кірмейтін қазақ және қырғыз жерлеріне олжа салу үшін жорықтар жасаса, енді олар Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан жерін өзіне қаратуды көздеді. Ал оңтүстік қазақтары Қазақстанның басқа жүздерімен бірге біртұтас елдікті сақтап, Ресеймен бірігуге ұмтылды. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына қабылдауын сұрап, патша өкіметімен келіссөз жүргізді. 1819 жылдың 18 каңтарында Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны жөнінде ант берді. 1824 жылы I Александр Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүрген 14 сұлтанын (165 мың ер адамы бар) Ресейдің қол астына қабылдауы туралы куәлікке қол қойды. 1830 жылы патша өкіметі Орта жүздің бірқатар аудандарының халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады. 1845-1847 жылдары Ұлы жүздің барлық рулары дерлік (оңтүстікте көшіп-қонып жүрген, әлі де Қоқан хандығының қол астындағылардан басқалары) Ресейге қарады. Сөйтіп, XIX ғасырдың алғашқы жартысының аяғына таман, атап айтқанда, 1847 жылы Орта жүз қазақтарының басым көпшілігі орыс бодандығына көшті де, Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі аяқталу сатысына қадам басты. Орта және Ұлы жүздердің қосылған территорияларында Актау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі, Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле өзенінің арғы бетіндегі (Заилийск) билігін нығайтуға арналған тірек пункттеріне айналды. 20-40-шы жылдарда Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды. Ұлы жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторына бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847 жыл мен 1867 жыл аралығында казак-орыстар тұратын 14 станица бекіністері салынды. Бұл Ресей империясы отарлаушы әкімшілігінің өкіметін нығайтуга көмектесті.Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу анғрары арқылы қоқандық бекіністері — Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. 1863-1864 жылдары полковник М. Черняевтің әскерлері қоқандтык бекіністер — Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері М. Веревкиннің жасақтары Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп Шығыс-Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуымен, жалпы Қазақстанды қосып алу осылай аяқталды.

...

Скачать:   txt (25.9 Kb)   pdf (93.4 Kb)   docx (17 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club