Н.С.Хрущевтың өмірі мен қызметі
Автор: Алмат Алишев • Март 6, 2018 • Реферат • 5,872 Слов (24 Страниц) • 2,373 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Кафедра:Қазақстан Тарихы
Реферат
Тақырыбы: Н.С.Хрущевтың өмірі мен қызметі
Орындаған:Алишев А.А
Тобы:ГД-17-5
Тексерген:оқытушы Темиржанова Ш.М
2018
ЖОСПАР
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі Бөлім
2. Н.С.Хрущевтың билік басына келуі және «Жылымық» жылдары
2.1. Хрущевтың кезіндегі Республиканың индустриялдық дамуы
2.2. Хрущевтың кезіндегі ауыл шаруашылығы
2.3. 1957 жылғы Хрущевтың жүргізген реформасының кемшіліктері
3. Хрущев саясатына қарсы көзқараста болған тұлға. Ж.Тәшенов жайында қысқаша мағлұмат
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Н.С.Хрущевтың өмірі мен қызметі
Хрущев Никита Сергеевич 1894 жылы сәуірдің 17 (кейбір деректерде 5) Курск губернаторлығы Калиновка селосында дүниеге келген. 1971 жылы 11 қыркүйекте Мәскеу қаласында дүниеден өтті. Кеңес мемлекеті мен партия қайраткері. Кеңес одағының батыры (1964), үш мәрте Социолистік Еңбек Ері (1954, 1957, 1961). Еңбек жолын Донбастың зауыттары мен шахталарына слесарь болып бастаған. 1918-20 ж. Азамат соғысына қатысты, кейіннен Донбасс пен Киевте шаруашылық және партия қызметтерінде болды. 1929-
31 ж. Мәскеуде Өнеркәсіп академиясында оқыды. 1931 жылдан Мәскеудегі партия қызметінде болып, 1935-38 ж. БК(б)П Мәскеу облысы және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы, 1938 жылдың қаңтарынан 1947 жылдың наурызына дейін Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Жергілікті партия ұйымының басшысы ретінде Мәскеу мен Украинада жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушылардың бірі болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында бірсыпыра майдан Әскери кеңестерінің мүшесі ретінде әскери басшылыққа партиялық қадағалауды күшейтушілердің бірі ретінде генерал-лейтенант (1943) атағын алды. 1944 — 47 ж. УКСР ХКК-нің (1946 жылдан Мин. кеңесі) төрағасы, ал 1947 жылдың желтоқсанынан қайтадан Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы, 1949 жылдың желтоқсанынан БК(б)П ОК-нің хатшысы және БК(б)П Мәскеу комитеттінің 1-хатшысы болды. 1953 ж. наурыздан КОКП ОК-нің хатшысы, қыркүйектен 1-хатшысы, сонымен бірге 1958-64 ж. КСРО Министр кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық-мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954-64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. 1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962, т.б.), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т.б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961, Кариб дағдарысы, 1962, т.б.), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г.К. Жуковты орнынан алды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылып, орнына П.К. Пономаренко қойылды. 1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді. 1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Осылардың барлығы халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызды. 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Л.И. Брежнев сайланды. Хрущев естелігі алғаш рет 1981 ж. Нью-Йоркте жарық көрді.
...