Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен тәуелсізбін

Автор:   •  Январь 17, 2022  •  Эссе  •  570 Слов (3 Страниц)  •  224 Просмотры

Страница 1 из 3

Алматы қаласы

Жетісу ауданы

№ 110 мектеп-гимназиясы

Кәсіподақ төрайымы

Аскаркожаева Асел Аскаркожаевна

ЭССЕ

Тақырыбы: «Мен тәуелсізбін»

Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жыл тербелген қазақ елі, 30 жылдық тәуелсіздігің құтты болсын!

Азаттық – қазақтың ежелгі арманы.  1991 жылы 16 желтоқсан ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымыздың жаңа белеске көтерген «Тәуелсіздік» күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев қол қойған «Конституциялық заңнан» бастау алған тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Тарихқа көз жібертетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақ елінің арман- мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік мемлекетіміздің сөнген отын жағып, ата-бабамыздың рухын көтерді және де ең бастысы елімізді барша әлемге танытып, «қазақ» деген атауға жан кіргізді. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір ұмтылыс-тәуелсіздікке жасалған қадамдардың бірі. Ал «Желтоқсан» оқиғасы тәуелсіздіктің, бостандықтың, азаттықтың бастауы болады. Мұны құлағымен естіп, көзімен көріп отырса да өзге жастар айтқанынан қайтпай, батыр баба ұрпағы екенін танытып, туған жерін өз жанынан биік қойды.Әлихан Бөкейхановтың «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деген сөздері қазақтың тәуелсіздікке ұмтылудағы қадамының маңызын ұғындырады. Осындай ұлт жанашырлары Қазақстанды өз билігі өз қолында болатын, ежелден келе жатқан мәдениеті мен салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары толықтай сақталған мықты, ынтымағы жарасқан, егемен мемлекет ретінде көруді аңсаумен өтті. Тәуелсіздіктің бізге не бере алатынын түсінген асыл текті бабаларымыз оның жолында жан аямай күресіп бақты. «Осы кісілер тірі болғанда қалай болар еді?» деген сұрақ көкейімнен кеткен емес. Тәуелсіздік жолындағы күрестердің бірі де бірегейі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Қазақ жастары билік басшыларының шешімімен келіспегендіктен наразылық білдірді, Қазақстандағы билікті қазақ басқаруы керек деп кеңестік билікке ашық қарсы шықты. Алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында жаужүрек батыр ұрпағы екенімізді дәлелдеп, бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүру бақытына ие болдық.Осылайша көптен күттірген тәуелсіздікке қолымыз тек ХХ ғасырдың соңында ғана жетті.Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО” шеңберінде тойлады. “Біріккен Ұлттар Ұйымы” шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”. Осының бәрін бағалауымыз керек.
       Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (50.8 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club