Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Латын әліпбиіне көшудегі біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын іріктеу тәсілдері

Автор:   •  Ноябрь 9, 2019  •  Статья  •  2,306 Слов (10 Страниц)  •  620 Просмотры

Страница 1 из 10

М.А. Мукушева

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қарағанды қ., Қазақстан

mukusheva_m83@mail.ru,

Латын әліпбиіне көшудегі біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын іріктеу тәсілдері

Мақалада қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу жағдайындағы педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында кәсіби-теориялық білімін кеңейтуге, жаңа әліпби негізінде жазуды меңгертуге бағытталған тақырыптардың мазмұнының жобасы қарастырылады. Латын әліпбиіне көшудегі педагогтарды оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері және жаңа технологиясы ұсынылады. Латын әліпбиінің емле ережелерінің жобасына сай жазудың фонетика-фонологиялық талдаулары қарастырылады.

Түйін сөздер: латын әліпбиі, тіл тарихы, оқу сағаттарын ұйымдастыру құрылымы, оқыту мазмұны, оқыту әдістері,

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп көрсеткен [1]. Осыған орай Президенттің 2018 жылғы 19 ақпанында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №637 Жарлығы шықты [2].

Елбасының тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттар негізінде латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерінің жобасы талқылауға ұсынылды. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді жандандырып, санамызды бір оятқан, қазіргі жаңа заман талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Емле ережелерінің бекітілуі 2019 жылдың көктемінде жоспарланып отыр.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ жаңа графиканы енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жасалынып келеді. 2018 жылдың 24 мен 28 қыркүйегі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалының оқытушылары қазақ тілін латынға көшіру бойынша тренерлік онлайн курсынан өтті. Курс ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты оқытушыларының қатысуымен өткізілді. Біліктілікті арттыру курсының басты міндеті – Қарағанды облысы педагогтарын әрі қарайғы оқыту бойынша тренерлерді даярлау болса, курстық дайындықтың басты мазмұны – латын графикасы негізінде қазақ тілінде жазу ережелеріне үйрету болып табылды. Аталмыш курста қазақ жазуын кириллицадан латын графикасына көшіру негізінде педагог-тренерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру басты назарға қойылды. Курс бағдарламасының міндеттеріне қазақ тілі латын графикасына көшіруде педагог тренерлердің кәсіби теориялық білімін кеңейту, латын графикасына көшіруде жаңа әліпби негізінде жазуды меңгерту, оқытуда көзшалым мен қолдағдысын үйрету, латын графикасына көшу жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша тренерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жатады.

Курс барысында латын графикасының шығу тарихына тоқталу, қазақ жазуының тарихы, латын қаріпті жазудың фонетика-фонологиялық, орфографиялық, терминологиялық, ономастикалық оқу-әдістемелік негіздері және осы жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан процестер мен көшу жағдайындағы болатын өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Ғалымдар пікірі тыңдалып, сонымен қатар мәтіндерді талдау, пунктуация мәселесі, термин сөздер, пернетақтадағы әріптердің жиілігі, корпус классификациясы және оның түрлеріне тоқталды.

Өткізілген курс институттың профессорлық-педагогтық құрамының жаңа біліктілікті арттыру бағытын қарастыруды қажет етеді. Латын әліпбиіне көшудегі педагогтардың біліктіліктілігін арттыру педагогикалық инновация ретінде оны жүзеге асырудың тұжырымдамалық тәсілін талап етеді. Латын әліпбиіне көшу бойынша оқытудың тұжырымдамалық негіздері, ең алдымен, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижесі ретінде теориялық-әдіснамалық ережелердің жүйелі жиынтығы болып табылады.

Сондықтан, латын әліпбиіне көшуге байланысты, тілдік білім берудің жаңа парадигмасын жаңартуға байланысты заманауи формация педагогтарын дайындау мәселесі маңызды болып табылады, бұл жаңа әліпбиді меңгеру жағдайында жұмыс істеуге қабілетті педагогтың тұжырымдамалық бірнеше моделін әзірлеуді көздейді:

...

Скачать:   txt (35.8 Kb)   pdf (113.1 Kb)   docx (20.3 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club