Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көкірек орта

Автор:   •  Октябрь 15, 2023  •  Реферат  •  313 Слов (2 Страниц)  •  194 Просмотры

Страница 1 из 2

Қарағанды медицина университеті

Морфология және физиология кафедрасы

[pic 1]

РЕФЕРАТ

«Көкірек орта»

    Орындаған: Жақсылық Ж.Ғ.

Факультет: ОМ 2-014

Тексерген: Шапатова.Г.Б.

Қарағанды 2023

      Көкірек орта (mediastinum)- бұл кеуде қуысында төс сүйегі мен омыртқа бағанының арасында орналасқан, бүйірінен плевралық көкірек орта жапырақшаларымен шектелген мүшелер кешені.

     Клиникалық тәжірибеде оның 2 бөлігі ажыратылады: алдыңғы және артқы көкірек орта (mediastinum anterius et mediastinum posterius). Кеңірдектің және басты бронхтардың алдыңғы бойымен жүргізілген шартты жазықтық- олардың шекарасы болып табылады.

  • Алдыңғы көкірек ортада: кеңірдек, басты бронхылар, жүрек, айырша без, жоғарғы қуыс тамыр, иық-бас тамырлары, қолқа доғасы, көкеттік жүйкелер.
  • Артқы көкірек ортада: өңеш, қолқаның кеуделік бөлігі, кезбе жүйкелер, симпатикалық өрімдер, сыңар және жартылай сыңар тамырлар.

      Төс бұрышы мен омыртқа аралық дискілердің арасында өтетін шартты жазықтық 4-5 кеуде омыртқалары тұсында жоғарғы көкірек орта (mediastinum superius), төменгі көкірек орта (mediastinum inferius) деп ажыратылады.

       Ал төменгі көкірек орта келесі бөлімдерге ажыратылады: алдыңғы көкірек орта (mediastinum anterius), ортаңғы көкірек орта (mediastinum medium), артқы көкірек орта (mediastinum posterius).

  • Жоғарғы көкірек ортада орналасады: айырша без; жоғарғы қуыс тамыр; оң және сол иық-бас тамырлары; қолқа доғасы және оның тармақтары- иық-бас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғана асты артериясы; кеңірдектің кеуделік бөлігі; өңештің кеуделік бөлігінің жоғарғы бөлімі; кезбе жүйке және өңешті жүйкелендіретін кезбе жүйке сабаулары; көкет жүйкелері; жартылай сыңар және қосымша жартылай сыңартамырлары; симпатикалық сабаудың кеуделік бөлігінің жоғарғы бөлімі; ішкі кеуделік және жүрекқап-көкеттік қан тамырлар.

  • Төменгі көкірек ортаның алдыңғы бөлігінде ішкі кеуделік артерия мен тамырлар, лимфалық өрімдер орналасады.
  • Төменгі көкірек ортаның ортаңғы бөлігінде: жүрекқап, жүрек, ірі қан тамырлардың жүрекқапішілік бөлімдері; кеңірдек бифуркациясы; басты бронхтар; өкпелік артериялар мен тамырлар; көкет жүйкелері; көкет-жүрекқап қан тамырлары; төменгі кеңірдек-бронхтық және бүйірлік жүрекқаптық лимфалық өрімдер.
  • Төменгі көкірек ортаның артқы бөлігінде: кезбе жүйке және өңешті жүйкелендіретін кезбе жүйке сабаулары; қолқаның кеуделік бөлігі; жартылай сыңар тамыр бөлігі; сыңар тамырдың бөлігі; симпатикалық сабаулардың кеуделік бөлігі.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (110.9 Kb)   docx (345 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club