Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ахмет Байтұрсынов

Автор:   •  Октябрь 2, 2023  •  Курсовая работа  •  6,616 Слов (27 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Төсінде талай тарихтың ізі сайрап жатқан Торғай өңірі ел мұраты жолында басын бәйгеге тіккен батырлардан да, бірлік пен тірлікке үндеген ақын-жазушылардан, қоғам қайраткерлерінен де кем болған емес. Тамаша тума таланттардың талай шоғыры өнер, білім, ғылым көшінің алдыңғы легінен көрініп, алаш әлеуметін сүйсіндіре білгені тағы анық.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Отан тарихының, оның ішінде Торғай тарихының және де оның қазақ халқының рухани өміріне қосқан үлесінің жаңа бір беттерін қайта ашуға мүмкіндік туды. Ол – қазақ халқының ұлы азаматы  Ахмет Байтұрсыновтың ортамызға қайтып оралуы. Торғайдың құнарлы топырағынан нәр алып, қанатын биікке сермеп ұшқан бұл  алыптардың қазақ халқының жаңа тарихындағы орны, еңбегі аса үлкен екені баршамызға мәлім.

Ұзақ жылдар бойы жеке басқа табыну мен әкімшіл-әміршілдік басқару жүйесі революцияға дейінгі бір топ қазақ зиялыларын «халық жауы» деп танып, олардың әдеби, тарихи мұраларын, идеялық-көркемдік ізденістерін ескерусіз қалдырғаны белгілі.

Бұл зұлмат заман тұсында жалған жаламен жазықсыз жалаға ұшырап, Сталиндік саясатқа құлдық ұрғандар ұлт тарихынан аластатуға тырысқан осындай ұлыларымыздың есімдерімен, олардың тарихи-мәдени мұраларымен қайта қауыштық.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Егеменді ел болуымыз - өткен тарихымызды танып, жаңаша бажайлауға кең жол ашты. Ұлттық тарихқа, өткен күндерге батыл бетбұрыс жасалды» [1,25]. – деп, тап басып тұжырымдағандай, қоғамымыз өзінің өткені мен бүгіні туралы пайымдауларға бет бұрды.

Отандық тарихи ғылымның  ұлттық мүдде тұрғысынан пайымдалуы заман талабымен ғана емес ғылыми сұраныстармен де тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы тапталған тарихи сананы қалпына келтіріп ұлттық мүддені басшылыққа алу бүгінгі таңдағы еліміздің  жағдайында басты міндеттердің біріне айналып отыр [1, 4]. Осыған орай тарихымыздың бұрындары бұрмаланып келген немесе айтылмай қалып «ақтаңдаққа» айналған тұстарын объекивті тұрғыда ашып көрсету жолында еліміздің тарихшылары қыруар жұмыстар атқарып, ғылыми және қоғамдық сұраныстарға сай көптеген ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды.

Бүгінгі таңда Отандық тарих ғылымы еліміздің тәуелсіздігімен бірге келген терең де түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның ең басты көрінісі - тарих ғылымының бұрынғы кеңестік идеологиялық қыспақтан арылып, ғалымдарымыздың төл тарихы түбегейлі зерттеуге бет бұрғаны дер едік. Ұлттық тарих жалаң күйде емес, тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар констексінде қарастырыла бастады. Бірақ бұдан, бүгінгі таңда тарих ғылымы өзінің міндеттерін тікелей орындай бастады, қоғам дамуының қажеттіліктеріне толық жауап беруде деген ұшқары ой тумаса керек.

Жалпы тарих ғылымы – ұлттың, елдің тәуелсіздігінің тірегі. Өйткені, Отан тарихы оның әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтындығы белгілі. Дегенмен, сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі, жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың, ұлттық рухтың  әлсіреуіне әкелетініне, әсіресе өткен ХХ ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше, Отандық тарих ғылымының алдында тұрған өзекті мәселе – сол ғылымның териялық және методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу болып табылатындығында дер едік.

А.Байтұрсыновтың білім беру ісін жолға қою, бұхара халықтың саяси сауаттылығын ашу, қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу, әдебиет саласындағы пайымдалуы, дін жайындағы пікірлер осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осы орайда  Торғай өңірі зиялыларының Отан тарихында алатын орны мен ролін ашып көрсету, олардың мәдени, тарихи еңбектеріне жан-жақты талдау жасап, оларды жаңа көзқарастар жүйесінен зерделеу, қоғамдық- саяси қызметтеріне тоқталу және оны болашақ ұрпаққа жеткізу, тарихи, мәдени мұраларының танымдық, тәрбиелік маңызын ашып көрсету  өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

...

Скачать:   txt (91.7 Kb)   pdf (230.5 Kb)   docx (330.1 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club