Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Доклад  •  457 Слов (2 Страниц)  •  395 Просмотры

Страница 1 из 2

Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздай жайсаң ерлері болады. Солардың бірегейі, қазақтың ұлы перзенті Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Өзінен бұрынғы қандастары көрмеген елдерді көріп, олар тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген - тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан бабамыз.

Қара сөздің қадірін білген қазақ «Күш атасы» деп басқаны емес, Қажымұқанды атаған. Ол туралы қазақтың ақын - жазушылары мен журналистерінің бәрі дерлік қалам тербеген. Аттарын түгел тізсек, бір мақалаға сыймайды. 1959 жылы жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты кітабы шықты. Ал, 1978 жылы «Қазақфильм» киностудиясы   «Қажымұқан» атты екі бөлімді деректі фильм түсірді (сценарий авторы Әлім құл Бүркітбаев, режиссері Ораз Әбішев) Бақытымызға қарай, Қажымұқанның көзі тірісінде түскен кадрлар аз сақталған екен. Осылардың ішіндегі ең бір құндысы 1913 жылы түсірілген хроникалық кадр. Бұл – үлкен қазына.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қажымұқантанушы Мұратхан Тәнекеевтің «Қазақтың Қажымұқаны» атты естеліктер кітабында Мәскеудегі Ленин атындағы кітапханада 1915 жылы шыққан «Геркулес» деген журналдың бірінші бетінде «Мұқан палуан» деген атпен шыққан бабамыздың үлкен фотосуретін көргенін жазады. Сол кездегі беделді журналдың бетіне кез келген адамның бейнесі басыла қоймайтыны белгілі емес пе?

Әуелбек Қоңыратбаев 1946 жылы Ғабит Мүсіреповтін тапсырмасымен Қажымұқанмен кездеседі. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Шәуілдір селосындағы балуанның үйінде он күндей болып, көптеген қызықты материалдар жазып алады.

Қажымұқанның айтуынша, оның аталарының барлығы шетінен батыр болыпты. Балуан өзінің көңілді отырыстарында «Сұрасаң арғы атам ұзын қыпшақ, Тәңірім беріп еді өлшеусіз бақ. Шын бабам Қарақыпшақ Қобыланды, Тең келер ондай ерге қандай қазақ?» деп әндетеді екен («Күш атасы», 157 бет). Оның төртінші атасы Сəді Абылай тұсында өмір сүрген үлкен батыр, асқан найзагер болған. Сəді батыр тұқымының ішінде алып туғаны Ернақ батыр туралы ел аузында аныздар сақталған. Қажекеңнің айтуынша ол 1795 жылы туып, 1847 жылы 52 жасында дүниеден қайтқан. Бұл туралы көнекөз қариялардың және 18 жылдан бері балуанды зерттеуші Нұрғали Сарыпбекұлының естелігі бар. Сарыпбек молда , сол кезде мектеп директоры болған Сейітжан қары ( белгілі ме ценат Серікжан Сейітжановтың өкесі ) , ауыл Дық Кеңестің төрағасы Талдыбаев Төле « Ақтөбе » ұжымшарының бастығы Дәулет , туысы Әшірбек сынды ақсақалдар да балуан туралы естеліктер айтқан . Балуанымыз Шілік - Шошқакөл аралығында Мәмбетәлі атасы өмір сүрген ауылды мекендеген . Ол жер бүгінгі күнге дейін Мәмбетәлі ауылы деп аталады . Мәмбетәлі ұрпақтары қазір Шілік елді мекенінде ғұмыр кешіп жатыр . Қажымұқанның әкесі Мұңайтпас та мықты балуан болған екен . Аяқ киім шақ келмеген соң жұрт оны « жуан аяқ » деп атап кеткен . Мұңайтпастың Бейсеу деген нағашы сы да атақты батыр болған деседі . Оның ірі денелі , қара күштің иесі , батыр Айсара де ген қызын Ернақ алған , « Алып анадан туа демекші , осы Айсарадан Тоқтар , Мұңайтпас , Тәшімбет сияқты ірі жігіттер туады . Қазақтың ежелгі салтымен Орта жүздің Тарақты руынан шыққан Лұқ батыр мен Ер нақ батыр сүйек жаңғырту ретімен құда бо лады . Ернақ досы өмірден өтсе де Лұқ батыр

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (41.9 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club