Семейліктердің Ұлы Отан соғысына қатысуы
Автор: Aikoshaaa.01 • Ноябрь 22, 2018 • Реферат • 720 Слов (3 Страниц) • 1,103 Просмотры
Ұлы Отан соғысының шежіресіне, Отан қорғау жолында Семейліктер аса зор үлес қосты. Олар жаумен ерлікпен шайқасып жатқан Қызыл Армияның алғы шебінде болды. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ мыңдаған семейліктер армия қатарына шақырылып, майданның алғы шебіне жіберілді. Соғыс басталысымен қан майданға 6950 коммунист, 16 мың комсомол мүшелері аттанды.
1941 жылдың 26 қыркүйегінде Батыс майданға 238-атқыштар дивизиясы жіберілді. Қызыл Армияның бас штабының 16 қазандағы жарлығы бойынша дивизия 49-Армияның құрамына енді. Жауынгерлік тапсырмаларын ойдағыдай орындағаны, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін 238 –дивизия КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1942 жылдың 3- мамырындағы жарлығымен Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен наградталды.
1941 жылдың күзінде Семейде 8 – атқыштар дивизиясы жасақталып, олардың бөлімшелері жауынгерлік әзірліктен өтті. Семей өңірі азаматтарының басым көпшілігі соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алып, неміс-фашист басқыншыларымен соғысқа аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдары семейліктер майданда жауынгерлік ерлікпен қатар, Жеңіс күнін жақындатуда тылдағылар да жан аямай еңбек етті. Тылдағылар өз шаруашылығын төтенше жағдайға лайықтап дереу қайта құруға кірісіп, белсенді еңбектерімен майдан қажетіне сүбелі үлес қосып, фашизмнің дүлей күшін жеңіп шығуға жаппай ат салысты. Семей өңірінің барша халқымен еңбек ұжымдары «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» – деген ұранмен өмір сүріп, еңбек етті.
Семейде соғыстың алғашқы айларында полковник Г.П.Коротковтың басшылығымен жасақталған №238 атқыштар дивизиясы жасақталды.Отыздан астам ұлттың өкілдері тізе қосып, жауға қарсы кескілескен ұрыстар жүргізген.Бұл дивизия майдан шебіне 1941 жылдың 10-шы қазанында келді.Москва түбінде 35 тәулік шайқасқа қатысқан олар кейіннен Алексино маңында ұрыстар жүргізді.Ұрыстарда жерлестеріміз Груданов, Лукин, Корнеев, Шиковоль т.б. ерліктерімен көзге түсе білді.Шабуылдағы батылдығы темірдей тәртібімен, ұйымшылдығымен көзге түскен дивизия 1942 жылдың мамыр айының 3-ші жұлдызында Қызыл Ту орденімен марапатталды.30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.Дивизия жауынгерлері 1943 жылы Ржев маңында Калинин өңіріндегі ұрыстарда ерекше ерліктерімен көзге түсті.Смоленск маңындағы жау бекіністерін талқандауға үлкен үлестерін қосты.Латвияда ұрыс қимылдарына қатысып, Риганы азат етуге қатысты.Осы ұрыстардан кейін оған «Рига дивизиясы» құрметті атағы берілді.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында 2640 шақырым жолды дивизия жауынгерлері қанды шайқаспен өтті»,- делінген архив құжаттарының бірінде.Олар 2850 мекенді жаудан тазартты, 114980 гитлершілірді жойып жіберді.Бұл жаудың аса ірі 7 дивизиясына пара-пар.Соғыс барысында дивизия жауынгерлері фашистердің 479 танкісін жойып, 49600 солдаты мен офицерін тұтқындады.Осы ерліктері үшін 30-шы гвардиялық дивизия мүшелері 9390 Отан наградасына ие болды.Азаттық үшін ерлікпен шайқасқан бұл дивизияның ерлік жолы мәңгі жасай бермек.
Ұлы Отан соғысының бетін жаңа бағытқа бұрған Волгадағы шайқас жөнінде көптеген қарама-қарсы пікірлер бар.Иван Афанасьевич Шерин
...