Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы отан соғысы

Автор:   •  Ноябрь 3, 2021  •  Эссе  •  883 Слов (4 Страниц)  •  1,161 Просмотры

Страница 1 из 4

ІІ Дүниежүзілік соғыс (1 қыркүйек, 1939 жыл – 2 қыркүйек, 1945 жыл) 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 61 мемлекет қатысты, 40 елде соғыс қимылдары жүрді. Ұлы Отан соғысы 1941-45ж. 1941ж. 21 маусым таңғы сағ 4.00 Кеңес-Герман шартын бұзылуынан соғыс басталды. Соғыстың басталуына бір апта қалғанда 1941 жылғы 14 маусымда «Германия КСРО-ға соғыс ашады деген сөз ешқандай шындыққа жатпайды» деген мәлімдемесі жарияланған болатын және Герман – КСРО келісіміне сенген КСРО соғысқа дайындықсыз болатын. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны басып алу мақсатында дайындалған «Барбаросса» жоспарына қол қойылды. Бұл жоспардың басты мақсаты «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді. Үш бағытта шабуыл жасау көзделді:(8-10 апта).Ленинград,Мәскеу, Киев қалаларын басып алсам КСРО тізе бүгеді деп ойлады. КСРО соғысқа дайындықсыз болды. Әскер қатарында 5,3 млн адам. Репрессиядан кейін 75% жас мамандар болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. 1943ж. Алматы қаласының тұрғындары Луганскийге ұшақ жасап берді. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенттері Кеңес деп аталатын танк жасап берді. Қажымұқан Мұңайтпасов қаржысын соғысқа аударды. 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Өнеркәсіп орындарын көшіру:1941-1942 Әкелінген өнеркәсіптер мен кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды; Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Донбасстан 3200– шахтер, 2000–құрылысшы келді.Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды: қорғасынның 85%, молибденнің 60%, мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1944 – 1945 жылдары Текелі қорғасын – мырыш комбинаты, Алматы вагон жасау заводы; Атырау мұнай өңдеу заводы; Ақтөбе ферроқорытпа зауыты cалынды.  1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % өсті.

Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.  Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтіп, соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Әрбір бесінші адам майданға аттанды. 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасты. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен аруымыз: пулеметші Мәншүк Маметова мен мергеніміз Әлия Молдағұлова марапатталды. Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді.  Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадаларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Мәскеу түбіндегі Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров секілді батырларымыз шайқасты. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қызы аттанып, Сталинград майданына келді. Р.Қошқарбаев, Г. Булатов секілді батырларымыз Рейхстагқа ту тікті. Хиуаз Қайырқызы Доспанова-еліміздегі соғысқа аттанған ұшқыш аруымыз. Совет офицерлері “Қанатты Қыз” деген атақ берсе,неміс солдаттары “Түнгі мыстан” деп атаған.Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан, ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алған. Кавказ, Варшаваны азат етуде және Германиядағы фашизмді жеңіп Берлинге дейін барған. Соғыстан кейін “Абай”, “Медеу” мәдени орталықтары салуға басшылық жасаған. Соғыс жылдарында: 531 қазақстандық Кеңес Одағының батыры -97-қазақ. Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский мекілді жауынгерлер екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (74 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club