Мұхаммед Хайдар Дулати
Автор: Erzhan123 • Октябрь 7, 2020 • Доклад • 823 Слов (4 Страниц) • 644 Просмотры
Мұхаммед Хайдар Дулати Қазіргі уақытқа дейін қазақ жерінен көптеген ғұлама-ғалымдар,айтулы шешендер,даңқты батырлар мен қолбасшылар шыққан.Олар өз заманындағы саяси,қоғамдық өмірге белсене араласып,көптеген мемлекеттік лауазымдарды иеленді,сол замандағы мемлекеттік басқару ісінің даму жолына үлкен әсерлерін тигізді.Біздің қазіргі уақытта өз өткен тарихымызды,ортағасырлық мемлекеттерді біліп-тануымызда сол ғұлама-ғалымдардың бізге мұра етіп қалдырған тарихи еңбектерінің арқасы.Мен осы шығарманы біз білім алып жатқан оқу ордасына аты берілген әйгілі ғалым,тарихшы,талантты қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмір жолымен таныстыруға арнамақпын. Мұхаммед Хайдар Дулати – тарих, география, этнография, әскери іс сияқты ғылым салаларын зерделеген әйгілі ғалым. Бұдан басқа ол екі рет Кашмирді бағындырған, жауының сағын сындырып отырған талантты қолбасшы да болған. Оның әйгілі «Тарих-и Рашиди» кітабына Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері туралы мәліметтер енген. Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкент қаласында дулат тайпасынан шыққан Мырза Құсайынның шаңырағында дүниеге келген.Оның ата-бабалары Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында,Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жерінде беделді саяси қайраткерлер болған.Хайдар Мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан.1501 жылы ол 2 жасқа толғанда анасы қайтыс болады.Сондай-ақ,оның балалық шағы Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалаларын басып алып,Әмір Темір ұрпақтарын қуа бастаған кезге тұспа-тұс келді.Мұхаммед Шайбани 1507жылға дейін Герат,Астрабанд,Гурганды қоса көптеген Орта Азия қалаларын басып алып,Бабыр патшаны Кабулға кетуге мәжбүр етті.1508 жылы осындай аласапыран кездері Хайдардың әкесі Құсайын Шайбани әскерімен шайқаста қаза болады.Осыдан кейін Бабыр патша оны өз сарайына алдыртып,Хайдар Мырзаның әкесінің орнын жоқтатпайды.Хайдар Мырза Бабыр сарайында жоғары деңгейдегі білім алып,тұлға болып қалыптасты.Бабыр патшаның сарайында жүргеніне 3-4жыл өткенде моғол ханы Саид Бабыр патшадан өтініп сұрап,Хайдарды өз жанына шақыртады.Моғол ханының сеніміне ие болып,Хайдар Моғолстанның ханнан кейінгі билеушісіне айналды.1533 жылы Саид хан қайтыс болды.Хан тағына отырған Әбдірашид дулат тайпасын қуғынға ұшыратты,Хайдардың немере ағасы Саид Мұхаммед Мырзаны өлтірді.Бұған өте қатты ренжіген Хайдар Дулати Бабыр ұрпақтарының қарамағына кетті.1541 жылы Кашмирді жаулап алып,сол жерде 12 жыл жеке-дара билік жүргізеді.1553 жылы Үндістандағы жергілікті тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болды. Мұхаммед Хайдар Дулати тарихта маңызы зор "Тарих-и-Рашиди" еңбегін және "Жаханннаме" дастанын,тағы да басқа көптеген еңбектерді кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Мұхаммед Хайдар Дулати-көрнекті ғалым,тарихшы,әскербасы және беделді мемлекет қайраткері болған.Мұхаммед Хайдар Дулатидің Қазақстан және Орта Азия тарихына тигізген ықпалы зор.Ондай ұлы адамның есімі ұмытылмауы тиіс.
...