Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұхаммед Хайдар Дулатидің

Автор:   •  Ноябрь 29, 2022  •  Реферат  •  250 Слов (1 Страниц)  •  115 Просмотры

Тараз университетіне көрнекті мемлекет қайраткері, ақын және тарихшы-ғалыи Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) есімін беру және «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығын құрғаннан кейін біздің жоғары оқу орнымызда жыл сайын өткізілетін «Дулати оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы өткізу дәстүрге айналды, оған Қазақстанның ғалымдары мен әдебиетшілері ғана емес, Еуропа және Орталық Азия елдері де қатысады.

2017 жылы қараша айында Үндістан тарапы Кашмирдегі «Мазар-и Салатинде» («сұлтандар зираты») Мұхаммед Хайдар Дулатидің қабірін ретке келтіргені белгілі болды. Үндістанның  Кашмир және Джамму штатының Сринагар қаласында қалпына келтірілген Мұхаммед Хайдар Дулатидің қабірінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің басшылығымен елші Болат Сәрсенбаев 2015 жылдың қыркүйек айында Кашмирге барып,  Ұлы Моғол империясының сұлтандарының «Мазар-и-Салатин» зиратында «Тарих-и-Рашиди» авторының қабірін қалпына келтіру және ол туралы  урду және ағылшын тілдерінде ақпараттық тақтайша орнату туралы бастама көтерді. Ақпараттық тақтаның мәтінін Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің (қазіргі Тараз өңірлік университеті) қызметкерлерімен бірлесіп дайындады. Рұқсат алу, жауапты мекемені анықтау, жұмыс процесі екі жылдан астам уақытты алды.  Елшіліктің бастамасымен және Кашмир университетінің Орта Азияны зерттеу орталығының қолдауымен «Мұхаммед Хайдар Дулати: Үндістан мен Қазақстан арасындағы алтын көпір» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің делегациясы қатысты. Қазақстан тарапынан Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылық мұрасы, сондай-ақ оның Қазақстан республикасы мен Үндістан республикасы арасындағы қарым-қатынастағы рөлі туралы баяндамалар мен ТарГУ профессорлары мен оқытушылары сөз сөйледі.  Профессорлардың жастармен ашық диалогынан және М.Х.Дулати атындағы ТарГУ студенттерінің концертінен кейін Қазақстан жоғары оқу орындары мен Кашмир университеті арасында ынтымақтастықты дамытудағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

...

Доступно только на Essays.club