Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат-Түрки

Автор:   •  Март 29, 2023  •  Реферат  •  2,932 Слов (12 Страниц)  •  112 Просмотры

Страница 1 из 12

Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат-Түрки – Шығыс ойшылының толық аты. Əл-Фараби түрік тайпасының дəулетті бір ортасынан шыққан, бұған дəлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы.Көрнекті ғалым, философ, математик, музыка теоретигі Əбу Насыр əл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында орналасқан Фараб қаласында (қазіргі Қазақстанның Түркістан облысының Отырар ауданы) дүниеге келген.

IX-X ғасырларда Фараб (Отырар) қаласы – ірі саяси, мəдени жəне сауда орталығы, ортағасырлық Еуропа мен Азияны байланыстырып, көптеген саяхатшылар мен саудагерлерді қызықтыратын Ұлы жібек жолының керуен жолдарының торабы болды. Əбу Насыр 20 жасына дейін өзі өмір сүрген Фараб қаласында ғылыми білімнің негізін алды. Мұнда оның Отырар кітапханасының философиялық жəне ғылыми еңбектерімен танысу мүмкіндігі болды. Отырар кітапханасы кейбір ғалымдардың пікірінше сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай жəне кітап пен қолжазбалар саны бойынша əлемде екінші кітапхана болып саналды. Өсе келе ол Бухараға, Самарқандқа, Шашқа (Ташкент) барып, біраз уақыт оқыды, жұмыс істеді.Білімін жалғастыру үшін Əбу Насыр Араб халифатының мəдени жəне саяси орталығы болған Бағдадқа барады. Дəл осы жерде əйгілі аудармашылар мектебі жұмыс істеді. Олар Платон, Аристотель, Гален, Евклидтің еңбектерін аударып, бұл еңбектерге ғылыми түсініктемелер жазатын. Бағдадта Əбу Насырдың тəлімгерлері Джуханна ибн Хайлан жəне араб тіліндегі ежелгі мəтіндердің атақты аудармашысы Абу Бишр Матта болды. Ғалым əл-Фараби ондаған тілдер мен диалектілерді меңгерді, ал түрік, араб, грек, парсы тілдерін жетік білген, оның дəлелі – жазған еңбектері.

Əл-Фараби Аристотель, Платон жəне басқа да ежелгі грек философтарының еңбектерінің түпнұсқасымен танысуға мүмкіндік алды. 941 жылы белгілі ғалым ретінде аты баршаға мəлім болған əл-Фараби Дамаскіге көшіп келіп, қалған өмірін осы қалада, ғылыми жұмыстармен айналысумен өткізеді.Əбу Насыр əл-Фараби – Аристотельдің жəне Платонның шығармаларына жазылған түсініктемелердің авторы. Осыған байланысты əл-Фараби Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанды. Əл-Фараби Аристотельдің «Категория», «Герменевтика», «Софистика», «Риторика», «Логика» жəне «Поэтика» сияқты туындыларына, сонымен қатар Порфирийдің «Философияға кіріспе» сияқты туындысына жəне басқа да ойшылдардың туындыларына түсініктемелер жазды. Фарабидің төл шығармаларының ішіндегі ең белгілілері – «Даналық маржандары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Философиялық трактаттар» жəне «Музыка туралы үлкен кітап».

Еуропада XII-XIII ғасырларда əл-Фараби еңбектері латын жəне иврит тілдеріне аударыла бастады. 1930-1932 жж. Парижде француз ғалымы барон Рудольф д’Эрланже «Музыка туралы үлкен кітаптың» бірінші бөлімін француз тіліне аударып, жарыққа шығарды.

Əл-Фараби есімі əлемдік ғылым мен мəдениет тарихында қомақты орын алады. Оның еңбектері еуропалық Қайта өрлеу дəуіріне үлкен əсер етіп, Батыс пен Шығыстың мəдениеттері мен философияларын байланыстыратын көпір болды. Қазақстанда əл-Фараби мұрасын зерттеу мəселелері ХХ ғасырдың екінші жартысында көтерілді. Атап айтқанда, 1960 жылы 15 қазанда Ақжан Машанов (Машани) деген ғалым Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті академик К.И. Сəтбаевқа əл-Фараби мұрасын зерттеу жəне еңбектерін аудару туралы ғалымдардың идеясын қолдауды сұрап: «Ұлы

əл-Фараби біздің жерлесіміз, бірақ біз ол туралы аз білеміз ...», – деп атап өткен болатын. Осы уақыттан бастап ғалымдарымыз əл-Фарабидің өмірі мен шығармаларын зерттей бастады.

Фарабитануға қомақты үлес қосқандар қатарынан ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми орталығының негізін қалаушы А.Х. Қасымжанов; араб тілін меңгерген жəне əл-Фараби математикасы бойынша докторлық диссертация

...

Скачать:   txt (40 Kb)   pdf (95 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club