Дулат шежіресі
Автор: Bular • Октябрь 18, 2023 • Реферат • 439 Слов (2 Страниц) • 169 Просмотры
Дулат шежіресі
Дулат - қазақ халқын құраған ежелгі түрік тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Дулаттар б,з,б 2 ғасырында өз алдына хандық құрған.Олар билеушісін хан деп атамай, би деп атаған. Дулаттар қазіргі Қазақ елінің тарихында,шығыс Түркістан оңтүстік Қазақстанда мекендеген. Ең алдымен Дулат елінің біздің дәуірімізден бұрынғы Үйсін елімен қатысы бар.Үйсін дегенде үйсіндердің ғұндармен жақындығын ұмытуға болмайды. Негізінде Дулаттар Еуропаға көшкен ғұндармен бірге барғандығы он бесінші ғасырда жазылған «Болгар хандарының тізімі» құжатынан көруге болады. Дулаттар Түрік өркениеті өте маңызды орынға ие. Дулат руының тарихын білу Түрік тарихын түсіну үшін өте қажет. Дулаттан төрт ұл тараған.
[pic 1]
Найманбай батыр Айдосұлы (1765-1835ж.) Бесмойнақ қазіргі атауымен Жангелді ауылында туылған. Оның аты қатты шықпасада қазақтың ,өз ауылының батыры болған. Ол батырдың 12 ұлы болған. Атап өтсек олар: Қалдыбек, Майлыбай, Едіге, Ақшора, Айтақ, Әлібек, Тойған, Төлес, Нұралы, Қалдыбек, Тыныбек, Тілеке.
Сұраншы Бағысбекұлы. Сұраншы ата елді басқара алған би болған. Сұраншының бір ұлы Шаймұха болған және де 7 қызы болған. Сұраншы атаның Телтай деген ағасы би болған. Ол қартайып билікті Сұраншыға береді.
[pic 2]
Дулат, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б. з. б. 2 ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.
Dulat`s land
Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны Құмтөкей, Алматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, далулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Далулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434 – 453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 ж. өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші далулар мен қыпшақтар еді. Далулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған.
...