Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі
Автор: a1nuar • Сентябрь 20, 2023 • Реферат • 6,385 Слов (26 Страниц) • 357 Просмотры
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
[pic 1]
Тақырыбы: Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі
Түркістан, 2022
Жоспар:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Мұстафа Шоқай өмірі және саясатқа қадам басуы
2. Эмиграцияға кетуі және сол кездегі еңбектері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен Мұстафа Шоқайды Түркістан халықтары тарихында бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше құбылыс деп білемін. Ол ерекшелік бұл қайраткердің Түркістан халықтарының 1917 жылы Кеңестік билікке балама Түркістан автономиясы үшін демократиялық қозғалысына басшылық жасағанымен шектелмейді. Әрине, тіптен оның басқа атқарған істерін былай қойып, тек осы биік мақсат үшін айтулы күресін атаудың өзі ғана Шоқайұлының есімін Түркістан халықтары тарихындағы мәңгі есімдер қатарына жатқызуға жеткілікті негіз болар еді. Бірақ, Мұстафа Шоқайұлының өз елі үшін атқарған қызметінің мәні мен орны басқада. Ол Мұстафа Шоқайұлының Түркістан халықтары тарихында бұрын – соңды болмаған құбылыс – демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалап, оған өзі көз жұмған 1941 жылдың желтоқсанына дейін басшылық жасауында, сондай - ақ осы кезеңде Түркістанда болып жатқан өзгерістерді жан – жақты терең талдауға алуында еді. Қазақстан мен Түркістанның тәуелсіздігі жолында қаншама тер, қаншама қан төккен Алаш азаматтарының арасында оның алар орны биік. Оның өмірі мен қызметі Автономия құру жолында жан алып, жан беріскен ерлік күреске толы.
Мен Мұстафа Шоқайдың өмірлік мақсатын, идеяларын айқындау әрі эмиграцияға кету жолы мен сол кездегі еңбектерін зерттеу мақсатында осы жұмысты жаздым.
Мұстафа Шоқай Кеңес өкіметінің билігін мойындамай, шет елге эмиграцияға кетіп сол жақта Кеңес өкіметінің отарлық саясатты әшкерелеуі, Жаңа өкіметтің халыққа теңдік, еркіндік береміз дегені бос сөз, алдамшы уәде екенін өз еңбектері мен нақты дәлелдер арқылы дәлелдеуі - XXI ғасырдың әрбір тарихи сауатты ұрпағына қызықты деп ойлаймын.
Мұстафа Шоқай 1891 жылы 7 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда, бұрынғы Ақмешіт қазіргі Қызылорда қаласында Әулиетарғыл деген жерде ақсүйек отбасында туған. Ол Шоқайдан туған үш баланың ортаншысы. Руы қыпшақ. Мұстафаның үлкен атасы Торғай, Сыр өңірінде өте беделді адам болып, датқа дәрежесіне дейін көтерілген. Ал өз әкесі Шоқай 1916 жылы 80 жасында дүние салған. Мұстафа жастайынан алғырлығымен, зеректігімен, қабілетімен көзге түскен. Ол алты жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін төрт жылдық діни мектепке барып, оны екі жылда үздік аяқтайды. Сегіз жасында Ташкент қаласындағы гимназияға оқуға түсіп, оны алтын медальмен бітіреді. Білім құмар бозбала әкесінің және туысқандарының көмегімен Петербурдың Императорлық Университетінің Заң факультетіне түседі.
...