Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі
Автор: kjjdfoxy • Декабрь 29, 2020 • Реферат • 1,469 Слов (6 Страниц) • 1,949 Просмотры
Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЭМИГРАЦИЯДАҒЫ САЯСИ ЖҰМЫСЫ
ОРЫНДАҒАН: ТУРҒАН КАРИНА
ТЕКСЕРГЕН: СЕЙДИНОВ ОЛЖАС
Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі
Жоспар:
- М.Шоқайдың өмірбаяны (балалық шағы, оқу орны және т.б);
- Мемлекеттік Думада жұмыс жасауы;
- Түркістан автономиясының мүшесілері және М.Шоқайдың басшы атануы;
- Ел азаттығы үшін күрескен зиялы М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі;
- Өмірінің соңғы жылдары және қорытынды
Мұстафа Шоқай – (25 желтоқсан 1889, қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы – 27 желтоқсан 1941, Берлин) –Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Оның ата-бабалары Қыпшақ-Бошай тегінен шыққан дала аристократтары еді. Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр бойындағы Наршоқы деген жерде дүниеге келді. Отбасында бес ағайынды еді. Бала кезінен оқу-білімге құштар болды. Мұстафаның сауат ашуына үйде сақталған ескі қолжазбалар түрткі болыпты. Атасы Торғай датқа Сырдария болысын басқарған кезде, кітап жинауды әдет еткен. Әкесі Шоқай болса, өз ортасына сыйлы, қара қылды қақ жаратын би болған. Бес баласын бірдей оқытса да, ерекше ұғымтал, зерек Мұстафаның орысша білім алуын қалап, Перовскідегі орыс мектебіне жібереді. Кейін Мұстафа Шоқай Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. Аз уақыттың ішінде қатарластарынан оқ бойы озып шығады.Осыдан кейін Санкт-Петербургтегі императорлық университетке заңгерлерді даярлайтын факультетке түседі. Бұл сол замандағы ең үздік оқу орындарының бірі болатын. Бірнеше тілді жетік меңгереді.
Мұстафаның атасы Сырдария аймағының Хиуа хандығын билеуші, ал әкесі халыққа беделді билердің бірі болған. Бастауыш білімді ауыл мектебінде, орта білімді Ташкенттегі орыс гимназиясынан алады да, Петербург университетін құқықтану мамандығы бойынша үздік бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланады. Ол Ресейдегі «Бірлік туы» газетінің негізін қалаған алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Мұстафа Шоқайды лайықтап, оның бұл қызметке кәміл жарайтыны айтылған еді.
Мұстафаның бұл жұмысқа ұсынылуы жайдан-жай емес-ті. Кандидатура талқыланғанда оның Петербургта тұратындығы, бұл жұмысқа жан-жақты дайындығының барлығы, Түркістандағы жағдайды жақсы білетіндігі, Мұсылман комитетінде жұмыс істеп, бюроның келешек мүшелерінің бірсыпыраларымен танысып, тапсырмаларын орындап жүргендігі ескерілген-ді. Осы кезде бір топ Петроградтағы қазақтар қол қойған «Бюроға екінші адам қою туралы» атты материал жарық көреді. «Қазақ» газетінің №203 санында жарияланған хатта бюроға екінші адам керек болды деп, бюро адамдарының шақыруымен және «Қазақ» басқармасының ұнатуымен оған студент Мұстафа Шоқайдың кіріп отырғанын білгендерін, мұны жергілікті халықпен ақылдаспағандарына және күні бұрын газет арқылы жария етпегеніне наразылық білдіріп, оның орнына кіргізуге болар еді деп бірнеше сол кездегі қазақ қауымына белгілі кісілердің есімдерін атайды. Осылардың ішінде екінші Мемлекеттік Думаның депутаты болған инженер Мұхаметжан Тынышбаев та аталады, алайда ол бірде мұндай ұсынысқа Мұстафа Шоқайдың лайықты екен айтқан болатын. Ал хат соңында берілген редакциялық түсініктемеде Мемлекеттік Думаның ашылуы жақындап қалуына байланысты Мұсылман фракциясы және оның бюросы қазақ облыстары мен Түркістан уалаятында болған уақиғалар жайынан көп материал жинақталып, мұны реттеу, басқару үшін қазақтан тағы да өкіл керектігін және оған Петроградта тұрған Мұстафаның жарайтындығын білдіріп, соны лайық көргенін жазады. Оның үстіне едәуір сома тапсырған түркістандықтар да Мұстафа Шоқайдың кандидатурасын қолдаған болатын.
...