Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фармацевтік өндірістің негізгі даму тенденциялары. Өндірістік терминология. Өнеркәсіптік регламент. Регламенттің түрлері

Автор:   •  Ноябрь 7, 2023  •  Лекция  •  19,728 Слов (79 Страниц)  •  232 Просмотры

Страница 1 из 79

[pic 1]

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Кафедра фармацевтической  технологии

Методическая разработка для практического занятия

Редакция 1

Страница  из

ОП: ФӨТ

Кафедра: Фармацевтикалық технология

Тәжірбиелік  сабаққа арналған  

әдістемелік нұсқаулыктар

 Тақырып: Фармацевтік  өндірістің негізгі даму тенденциялары. Өндірістік терминология. Өнеркәсіптік регламент. Регламенттің түрлері.

Курс: 4

Пән: Экстракциялық препараттардың технологиясы

                                                                                     

Алматы 2023

  1. Тақырып: Фармацевтік  өндірістің негізгі даму тенденциялары. Өндірістік терминология. Өнеркәсіптік регламент. Регламенттің түрлері.
  2. Мақсаты: Фармацевтикалық өндірістің жалпы қағидаларын оқып үйрету, дәрілік заттарды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы зерделеу   
  3. Міндеттері: Фармацевтикалық өндірістің жалпы қағидалары бойынша білім қалыптастыру, өнеркәсіптік регламент түрлерін, құралымын анықтау
  4. IV. Ақпараттық-дидактикалық блок. 

Республикадағы дәріхана желісін басқаруды жақсарту мақсатында, ҚазКСР Халық Денсаулық сақтау комитеті Коллегиясының шешімі бойынша, 1927 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық сауда-саттық қарашада республиканың астанасы Қызылордаға ауыстырылып, ол жерде 1928 жылы Қазақ дәріхана басқармасы болып қайта құрылды. Бірінші басқарушы болып дәрігер М.М. Чумбалов тағайындалды.

Республиканың дәріхана желісі (Орал облысынан басқасы) сол кезде 65 шаруашылық дәріханадан және 10 дәріхана дүкенінен тұратын. 1931 жылдың соңында дәріханалар саны екі есе өсіп, 127 болды. Олардың 68-і ауылдық жерлерде және 11 санитария және гигиена дүкендері де жұмыс істеді. 1932 жылы ірі дәріханалар аймағында орналасқан 5 дәріхана қоймалары ашылды. 1933 жылы Қазақ дәріхана басқармасы 157 дәріхана желісінен, 14 санитария және гигиена дүкендерінен, 6 дәріхана қоймасы мен 21 дәріхана дүңгіршіктерінен (пункттері) құралды. 

Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімін жан басына шаққандағы тұтыну үлесі – 78 АҚШ долл. құрап, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орынды қамтып отыр. Алайда көрсетілген деңгей кез келген Еуропа елінің қол жеткізген көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. 2015 жылы Европа одағында, Шығыс Еуропада және ТМД-да жан басына шаққанда дәрілік заттарды тұтыну, орта есеппен алғанда 150 долларды құрады. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібі шетелдік фармацевтика шикізатына, жабдықтар мен орама материалдарына айтарлықтай мұқтаж. Қазахстанда 7 мыңнан астам дәрілік препараттар тіркелген, дүние жүзінін 100 елінен келген өкілдер жұмыс істейді. Импорт көлемінде Батыс, Шығыс Еуропа елдерінің үлесінің өсу үрдісі байқалады. Импорттық дәрілік заттардың бағасы бойынша 68,6%-ын, саны бойынша 54,5%-ын қамтамасыз ететін елдердің бірінші ондығына Германия, Франция, Ресей, Үндістан, Венгрия, Бельгия, Италия, Словения, және Австрия кіреді. Отандық дәрілік заттардың өндірілуі (қаржылай) Қазақстанның жалпы фармацевтикалық нарығының шамамен 8% –12%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта отандық фармацевтикалық өндіріс дамушы сала ретінде 78 ірі және кіші өндіріс кәсіпорындарынан, фармацевтикалық өнім шығаратын жергілікті және шетелдік өндірушілердің өндірістерінен тұрады. Ең ірі 10 зауыт үлесіне ҚР-сында шығатын ДП-дың құндық мағынада 95%-ы тиесілі. Отандық фармацевтикалық нарықтың толық көрінісін түсіну үшін еліміздің фармацевтикалық өндірісінің тарихын қандай фирмалар жасағанын, қазіргі нарықтың дамуын қандай компаниялар анықтайтынын білу маңызды. Сондықтан да біз осы саладағы қазақстандық көшбасшыларды қысқаша сипаттаймыз. Қазақстандық фармацевтикалық нарықтың көшбасшылары «Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ» АҚ және СП «Глобал Фарм» ЖШС.

...

Скачать:   txt (269.8 Kb)   pdf (668.3 Kb)   docx (879.3 Kb)  
Продолжить читать еще 78 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club