А.Фет «Осень»
Автор: 87474191062 • Май 2, 2023 • Реферат • 1,120 Слов (5 Страниц) • 157 Просмотры
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі
АННОТАЦИЯ
М.Речкунов
А.Фет
«Осень»
a,capellaхор шығармасы
Орындаған: 02150400 «Хорды дирижерлау» бірлестігі
III студенті Аягузова Нұрай
Мамандық оқытушысы: Мұстафаева Р.Б
Қабылдаған: _________________________
Қызылорда, 2023 жыл
«ОСЕНЬ»
Муз: М.Речкунова
Сл: А.Фет
Речкунов Михаил Петрович (1870-1921жж) – орыс композиторы, хор дирижеры, педагог. Негізгі шығармалары хор миниатюрлары және романстар жазған. 1989 жылы 40 адамнан тұратын хор құрған, сол хормен Россияда гастроль жасаған. Хор ұжымының репертуарында Керубинидің «Реквием» шығармасы, орыс халық әндері, композитордың өз шығармалары, хор миниатюралар, шіркеуде орындалатын мессалар болды. Acapellа хор шығармалары: «Осень» , «Острою сикирой», «Сосны молчаливые», «Весна», «Грусть», «Парус», «Лес» А.Кольцованың сөзіне 1916 жылы жазылған. Романстары: «Варяг» 27 қаңтар 1904 ж, «Пока не дрогнули сердце» В.Лукаковскогоның сөзіне 1904 жылы жазылған, «Серенада», баллада «Беглый» және т.б шығармаларды айтып өтсек болады.
Фет (Шеншин) Афанасий Афанасиевич (1820-1892жж) – орыс лирик-ақыны, аудармашы, публицист. 1838 жылы Мәскеу университетінің алдымен заң факультетінде, кейінірек тарих-филология факультетінде оқиды. 1840 жылы «Лирический пантеон» өлеңдер жинағы жарық көреді. 1842 жылы «Москвитянин» және «Отечественные записки» журналдарында еңбектері жарық көріп отырады. 1856 жылы Феттің Тургеневтің редакторлығымен үшінші жинағы басылып шығады. Фет өзінің сүйіктісіне арнап «Талисман» поэмасын жазып шығады. 1822-1883 жылдары Гётенің «Фауст» шығармасының екі бөлімінде, 1886 жылы Катулла өлеңдерін аударады.
Шығарманың жанры
«Осень» хор миниатюрасы негізінде жазылған, 4 дауысты аралас хорына арналған сүйемелдеусіз a cappella шығармасы.
Шығарманың мазмұны
М. Речкуновтың «Осень» шығармасы Афанасий Феттің «Ласточки пропали» (1854)өлеңіне жазылған.
«ЛАСТОЧКИ ПРОПАЛИ...»
Ласточки пропали,
А вчера зарей
Всё грачи летали
Да, как сеть, мелькали
Вон над той горой.
С вечера все спится,
На дворе темно.
Лист сухой валится,
Ночью ветер злится
Да стучит в окно.
Лучше б снег да вьюгу
Встретить грудью рад!
Словно как с испугу
Раскричавшись, к югу
Журавли летят.
Выйдешь - поневоле
Тяжело - хоть плачь!
Смотришь - через поле
Перекати-поле
Прыгает, как мяч.
Бұл өлеңді оқи отырып, ақынның өлең жолдарынан табиғатқа қарап кеш келген күз мезгілін көруге болады. Ал автордың өзі жыл мезгілінде бір рет келетін күз мезгілін адамның қиыншылық өмірін, ішкі жан дүниесін суреттеген.
Музыкалық – теориялық талдау
Жанр – хор миниатюрасы
Форма – вокальная форма.
Тональность – f - moll
Размер – 4|4
Темп – Andante - медленно
Шығарма III- шумақтан тұрады.
I шумақ – 10 тактіден тұрады. Бұл жерде қарлығаштардың жоғалып кеткені жайында. Шығарманың негізгі әуені Сопрано I партиясында. 1-2 тактіде жан даусының айқайымен жаз мезгілінін кетіп қалғанын көрсетеді. Ч.4 интервалы арқылы секіріс жасап динамикалық тұрғыдан жарқын естіледі. Әуені ортаңғы реситр арқылы жай, білдірмей Бас партиясына көшіп, күз мезгілінің ызғарлы желін бейнелейді. Шығарманың негізгі f – mollтональдігінде жазылған.
...