Қытай тіліндегі туыстық атаулардың шығу тегі мен даму өзгерістері
Автор: atajanqyzy • Март 14, 2022 • Контрольная работа • 1,894 Слов (8 Страниц) • 292 Просмотры
2.3. Қытай тіліндегі туыстық атаулардың шығу тегі мен даму өзгерістері (эволюциясы)
Қытай тілінде көптеген туыстық атаулар бар, бұл феодалдық патриархалдықты, феодалдық отбасын және этикалық идеялардың жинақтық көрінісі. Қытайдың феожаджық қоғамы мен патриархалық қоғамындағы отбасы мен туыстық қарым-қатынастың айнасы. Ал ер мен әйел адамзаттың негізгі құрамдас бөлігі(компоненті) ретінде, жеке айырмашылық, адамзаттың өніп-өсуі және қоғамның дамуы тұрғысынан қарағанда, ең негізгі екі туыстық қарым-қатынасты қалыптастырды, ол – әкесі мен анасының туыстары. 《尔雅·释亲》 (Эр Я. Туыс тану) кітабында ең алғашқы феодалдық отбасының туыстық қырым-қатынасы мен атаулары толық жазылып сақталған. Мұнда өзін негіз ете отырып тоғыз тіке туысқан ұрпақтың туыстық қарым-қатынасын баяндайды, жоғарыдан арғы ата-анасы, ұлы ата-анасы, өзімен қатарлас ағайынды бауырлары және өзінен төмен немере, шөбере, шөпшек және т.б. сонымен қатар әр туыстық қарым-қатынасқа егжей-тегжейлі сипаттама берілген.
Сонымен қатар ана мен бала арасындағы туыстық қатынас пен ер мен әйел арасындағы неке қатынасы феодалдық қоғамда өте маңызды деп саналатын тайпалық туыстық қарым-қатынас. Қандайда бір жағдайдағы әлеуметтік байланыс, той-томалақ, өлім-жітім, отбасының бөлінуіен бастап тұқымын түп тамырымен жою, жазалау немесе парыздау болмасын барлығы туыстық атуаулар мен қарым-қатынасқа байланысты қатысты шараны қатаң бір жақты еткен. Қазіргі таңда феодалдық қоғам әлде бұрын жойылған, туыстық байланысқа қатысты атауларда оңайлатылған, дегенмен туыстық атаулар жүйесі әлі де сақталық келеді.
Туыстық атаулар мен туыстық қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты, қытай халқының туыстық байланыстары қанның жақындығы және некелік байланыс деп екі үлкен бөлікке жіктеледі. Соның бірі, ана мен бала байланысын негіз еткен туыстық қарым-қатынас- яғни өзімен бірге туысқан туыстық байланыс. Дәстүрлі үлкен отбасы өз қандас туыстар мен жиен немесе нағашы туыстарына өте мән берген. Өз қанынан болған туыстықтың белгісі – әулеттің тегі, яғни тектері бір туысқандар. Тіке қандас туысқандар үлкен ата-апасынан бастап өзінің бауырлары, немере шөберелерін қамтиды; Көршілес қандас туыстарға әкесінің буырларын негіз еткен туыстар, әкесінің ағасынан бастап оның балаллары, немерелері және басқаларды қамтиды. Ал нағашы немесе жиен туысқан дегеніміз тегі бөлек туыстар, туыстық байланыс баолғанымен нағашы ата – әже, нағашы, нағашы шеше, бөле бауырлары және бөле немере бөле жиен дегндер нағашы туысқа жатады. Екіншісі, некелік туысқандық неке байланысы арқылы пайда болған туыстық қарым-қатынас, қоғамдағы отбасылық тегі әртүрлі әулеттер арасында туыстық байланыс орнатудың маңызды жолы, мұнда өзінің жұбайы және жұбайының бауырлары, аталас бауырлары, бөлелері, бөлелерінің жұбайлары және т.б. Әрине біз әдетте айтып жүретін алыс туысқан жоғарыдағы жағдайдың ешбіріне есептелмейді, жоғарыда айтылған туыстық байланыстардың барлығы жақын туыстық қатынас болып саналады.
1.“岳父”(Юуе фу,Қайын ата) және “岳母”(юуе му,қайын ене) тұралы
Ежелгі императорлар әйгілі тау-шыңдарға шығады , алтарь жасап тәңір мен жаратылыс жер үшін құрбандық беріп табынатын, бай әулеттер және шенеуліктеріне лауазым тағайындайтын,және де оны "ФыңШан" деп атаған.
Бір кездері Тан Сюаньцзун Тайшан тауында "ФыңШан" істеген, хатшы уәзірі Джаң Юуе жүргізушісі болған.Джаң өзінің күйеу баласы Джың Ийді тоғызыншы сатыдағы лауазымнан төте бесіншіге көтерген. Кейінгі кезде Тан Сюаньцзун Джың Ийдан жоғарыға өрлеген ісін сұрағанда, ол тұтығып ешбір жауап қайтара алмаған .
Қасында тұрған Хуаң Фандяу жымыйып : " бұл Тайшан тауының құдыреті ғой " дейді .Тан Сюаньцзун Джаң Юуенің өзінің туысына жағдай жасағанын біле қалып, бірден көңілсізденеді.көпке ұзамай Джың Ийды тоғыздық шеніне қайта төмендетіп
...