Қоғамдық-саяси мәтіндердегі неологимздерді аударудың әдіс-тәсілдері
Автор: adina25 • Январь 22, 2019 • Курсовая работа • 4,644 Слов (19 Страниц) • 905 Просмотры
Кіріспе
Қоғамдық - саяси өмірде үнемі болып тұратын өзгерістер жаңа шындықтардың туындауына алып келеді,осыған байланысты қоғамдағы жаңа құбылыстарды бейнелеуші неологизм деп аталатын жаңа ұғым пайда болды.Осыған орай қоғамдық және саяси өмірдің үздіксіз дамуы қоғамдық-саяси мәтіндерде неологизмдердің біршама тұрақты және жоғары деңгейде қолданылуына өзіндік ыңпалын тигізеді.Сондықтан неологимздерді лингвистика және аударма тұрғысынан оқып үйрену және зерделеу ешқашан өзектілігін жоймайды деген қорытынды жасауға болады.Қоғамда болып жатқан өміршең процестерді бейнелеу және оған көпшілік назарын аудару үшін қолданылатындықтан неологизмдерді аудару ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Зерттеу тақырбының өзектілігі.Неологизмдердің табиғаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін қалыптасу және даму жолдарын зерттеу барысында А.А.Реформатский, В.П.Даниленко, А.В.Суперанская, Н.В.Васильевна, Н.В.Подольская, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, Т.А.Будникова, К.И.Мялик және т.б. ғалымдарды еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік.Зерттеу барысында сипаттамалы, алыстырмалы, талдау, салыстыру, жаппай сұрыптау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - қоғамдық - саяси мәтіндердегі неологизмдерді аудару жолдарын зерттеу. Міндеттері:
- Ағылшын тілінде неологизмдердің пайда болуын және болуын зерттеу.
- Қазақ тілінің қоғамдық-саяси мәтіндердегі заманауи неологизмдерінің ерекшеліктерін және олардың ағылшын тіліне аударылуын қарастырылуы.
Бірінші тарауда неологизмдерді аударудың теориялы негіздері және қоғамдық-саяси мәтіндердегі алатын орны мен классификациясы қарастырылған.Екінші тарауда қоғамдық- саяси мәтіндердегі неологизмдерді аударудағы грамматикалық және лексикалық трансформациялар қарастырылды.
Неологизмдердің пайда болуына төмендегі мысалдар дәлел бола алады: photobomb (британдық «Collins English Dictionary» атты сөздігін құрастырушылардың пікірінше) - 2014 жылдың «жыл сөзі» болып, «фотобомба» сөзі белгіленген,мағынасы «кадрға суретке түсіп жатқан адамдарға мүлде қатысы жоқ,кездейсоқ адам түсіп,өзінің ісімен немесе бет бейнесімен бүкіл көркем композицияны бүлдіріп тұр дегенді білдірідеі.Ал ағылшын тілінің Оксфордың сөздігін құрастырушылары 1914 жылдың «жыл сөзі» ретінде ағылшынның «vape»,яғни электронды сигарет тарту сөзін алған.
Қоғамдық-саяси мәтіндерді және осы қоғамдық саяси бағыттағы мәтіндердің лексикалық ерекшеліктерінің бірі ретінде онда кездесетін неологизмдерде саналы да мағыналы аударма жасау үшін аудармашыдан аударма ісінің жалпы ұстанымдарын, оның лингвистикалық және экстралингвистикалық қырларын,сонымен қатар аударылып отырған материалдың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін терең меңгеру талап етіледі.
Қазіргі таңда ағылшын тілі басқа тілдер секілді жаңа лексикасымен белсенді түрде толығуда.Қоғамдағы тұрақты өзгерістер оның түрлі салаларында пайда болатын неологизмдер санының үздіксіз артына ықпал етіп отыр.Ағылшын тілінде пайда болған және сөзді тіркеумен айналысатын Калифорниялық Global Language Monitor ұйымының мәліметі бойынша қазіргі әлемдік сөздік құрамға әрбір 98 минут сайын жаңа сөз қосылады екен.Сондықтан ағылшын тілінің сөздік құрамы жыл сайын,мыңдап,тіпті он мыңдап көбеюге қабілетті деп есептеледі.
Неологизмнің жасалу әдіс-тәсілдерін зерделеп,әрбір жаңа сөздің семантикалық мағынасын қалыптасу механизмін түсіну дәл де баламал аударма жасауға мүмкіндік береді.Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөз құрастырудың әртүрлі өнімді тәсілдері кездеседі.Олардың ішінде кең тараған,әмбебап тәсілдердің бірі – аффиксация,ол префиксация және суффиксация тәсілдерін де қамтиды.Бұған мысал ретінде selfie (a photograph that one has taken of oneself, typically one taken with a smartphone or webcam and uploaded to a social media website) – «селфи» , self + -ie - өзін-өзі, әдетте смартфонға немесе веб-камераға түсірілген және әлеуметтік желілерде орналастырылған фотосуретті білдіреді".
...