Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресін
Автор: ganieva.svetlana • Июнь 4, 2019 • Эссе • 396 Слов (2 Страниц) • 1,563 Просмотры
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресін»
XXI ғасырда тек өзінің байлығын, ақшасын ойлайтын, барлық жерлерде өз пайдасын іздейтін адамдар көбеюде.Жалпы алғанда, бұл тек өзін ойлайтын адамдар деп айтуға болады, себебі біздің әлемде кез-келген уақытта өзінің соңғы көйлегін беруге дайын адамдар аз. Егер осындай адамдар кездессе, олар қауымдастықтар мен қайырымдылық қорларына бірігеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл қайырымдылық. Қайырымдылық – мұқтаж адамдарға олардан ештеңе күтпей-ақ көмектесу.
Қайырымдылықтың бірнеше түрлері бар.Біріншіден, менің ойымша, бұл ауру, мүгедек, жесір балаларды қолдау, оларға өз көмегін ұсыну.
Біз жиі көңіл бөлмейміз, бірақ әлемнің әрбір адамына қандай болса көмек керек. Балаларды алсақ, олар өздерін тамақтандыра киіндіре алмайды.Сондықтан үлкен адамдар осындай кішкентай балаларға көмектесуге тырысады. Егер, ақшалай болмаса да, қолдау арқылы олардың өмірлеріне әсер ете алады.
Келесі, бұл мүгедек, қозғала, сөйлей алмайтын адамдар және бізден өзгеше адамдарды айтуға болады. Осындай адамдарға өмір сүру өте қиын, әсіресе жалғыздықта. Олар негізінен адамның қолдауына мұқтаж.
Сонымен қатар, кәрі адамдарды да айтуға болады. Кәрі адамдардың көбі түрлі аурулардан зардап шегеді. Балалар,өздеріне өмір сыйлаған, қартайған ата-аналарын қарттар үйіне жібереді. Менің ойымша, бұл үлкен қателік, себебі «Қарты бар үй - қазына». Немерелеріне ертегі оқып, олардың тәрбиесіне араласқан ата мен әже бала тәрбиесінде үлкен көмек көрсетін еді. Ата мен әжесінің қолында өскен бала қазақи дәстүрмен тәрбиеленетін еді.
Қайырымдылық туралы сөз сөйлеген кезде адамдарның көбі үлкен ақшаны жұмсау туралы ойлайды. Осындай адамдардың өмірін кішкене ашық және көңілді ету үшін, оларға ақшаның да керегі жоқ, қамқорлық пен мейірімділікке де олар өз ризашылықтарын білдіреді, тіпті біреуге жылы сөз айтып, жыбатсаңыз да бұл үлкен жақсылық , қайырымдылық болар еді. Немесе балалары жоқ қарт адамдардың үйіне барып, көмектессеңіз бұл үлкен қайырымдылық. Мәселен, қыста қарын тазалап, көмір, суын әкеліп берсеңіз үлкен адамға бұдан артық жақсылық та керек емес. Қарт адамдар кішкене нәрсеге қуанады.
...