Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің
Автор: Kausar2011 • Октябрь 27, 2022 • Сочинение • 267 Слов (2 Страниц) • 183 Просмотры
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік, қайырымдылық. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсете алатын жаны жайсаң, жомарт жанның бірі- Ұлжан Әлібайқызы. Ол М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ширек ғасырға жуық еңбек етіп, мектепке дейінгі сала мамандарын даярлауда елеулі үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған "Зекет және қайырымдылық" қорының мүшесі Ұлжан апай өз шәкірттерімен бірге биылғы жылдың 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына
қамқорлық жасап, игілікті іске қол ұшын созып келеді.
- Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Әрдайым өз шәкірттеріме қайырымдылық адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі екендігін айтып отырамын. Қиын уақытта ешкімнің шетте қалмауы және мұқтаждарға мүмкіндігінше көмектесу Жаратқанның алдындағы
...