Тіл біліміндегі зерттеу әдісер
Автор: Altai123 • Октябрь 12, 2021 • Реферат • 959 Слов (4 Страниц) • 448 Просмотры
БӨЖ
Тақырып: тіл біліміндегі зерттеу әдісер
Орындаушы: Аманкелди Нурдина
Қабылдаушы: Баймухамбетова Мейрамгуль Баймухабетқызы
Факультет: Филология
Группа: ҚФ- 13
Жоспар:
- Кіріспе- әдіс
- Тарихи шолу
- Салыстырмалы әдіс
- Салғастырмалы әдіс
- Сипаттамалы әдіс
- Қорытынды
- Керектенген әдебиеттер
Барша зерттеушінің мақсаты – өз нысанасын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып, айқындау екені бәрімізге белгілі. Зерттеушіні қызықтыратын нәрсе – әлі шешілмеген, белгілі болмаған, мәні мен маңызы айқын көрінбеген жайттар, проблемалар болып табылады. Алға қойған мақсатты орындап шығу үшін, зерттеуде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылатыны анық. Әдіс зерттеп отырған нысананы танудың, фактілерді талдаудың жолын айқындайтын жол, яғни әдіс – көздеген мақсатқа жетудің жолы, ғылыми зерттеу ісінде қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдердің, зерттеу ережелерінің жиынтығы.
Әдіснама – әдіс: Ғылыми әдіс түрлері: теориялық (теориялар, болжамдар, ғылыми заңдар, ғылыми пішіндеу) және лингвистикадағы тәжірибелік ғылыми әдіс (тәжірибелер, бақылаулар, өлшеу), таным әдісі мен мазмұндау әдісі, лингвистикадағы ғылыми мәселенің қойылуы және тұжырымдалуы, қазіргі тіл біліміндегі бағыттар болып табылады. Әдіснамадан «бостандық» немесе теориялық әдіснамалық «резонанс» және маркстік-лениндік философияның инерциялық әсерлілігі мен әдіснаманың орнына ғылыми-лингвистикалық парадигма, тілдік фактілерді талдаудан тілдердің ұлттық корпустарына немесе жаңа технологиялардың әсерінен лингвистика әдіснамасының өзгеруі жатады.
Тіл білімінде біршама зерттеу әдіс тәсілдері бар: мысалы, Сипаттамалы әдіс, Салыстырмалы әдіс, Салғастырмалы әдіс, Структуралық әдіс, Статистикалық әдіс, Лингвистикалық әдіс, Эксперименттік әдіс болып бөлінсе, зерттеу тәсілдері Бақылау тәсілі, Есепке алу тәсілі, Салғастыру тәсілі, Картотекалық тәсіл болып бөлінеді.
Тіл білімінің зерттеу әдістері тілдің маңызды жақтарын зерттеудің жолы, тәсілі, солардың жиынтығы. Тіл ғылымының тарихында жаңа бетбүрыс кезеңдер, мәнді теориялық жаңалықтар ашылумен қатар, тілдің белгілі бір жағына айрықша көңіл белініп, оны зерттеудің әдістері де өзгеріп отырған. Жаңа теорияның пайда болуымен бүрынғы теорияларда пайдаланылған әдістер жоқ болып кетпейді, олар тілді зерттеудің жеке арнайы әдістері болып қала береді. Сөйтіп, даму барысында тілді зерттеудің әдістері де толығып отырған еді. Тіл ғылымының тарихында ең көне әдіс — сипаттама әдісі, оны V-IV ғасырларда көне үнділер пайдаланған. Сипаттама әдісі тілдік тұлғалардың белгілі бір кезеңіндегі жай- күйін, қалпын толықтай тізбелеп, сипаттап шығуға арналған. XIX ғасыр басында салыстырмалы-тарихи тіл ғылымының тууымен бірге салыстырмалы-тарихи әдіс пайда болды. Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін қалаған ғалымдар — Р. Раск, Ф. Бопп, Я. Грим еді. Бұл әдістің негізгі қағидалары:
а) өзара салыстыру арқылы тілдердің көне бір тілден тарағанын, туыстығын дәлелдеу
ә) тілдер өзара туыстыс топтарға бөледі
б) туыстас тілдердің бір-бірінен айырмашылығы — олардың тарихи дамуының нәтижесі ажыратады.
XX ғасырдың бас кезінде тіл зерттеудің кұрылымдық өдістері пайда бола бастады. Оның негізін қалаған көрнекті швейцар ғалымы Фердинад де Соссюр, одан әрі Копенгаген, Прага,Америка мектептерінің екілдері де дамытып алып кетті. Бұл бағыттағы қағидалары:
а) тілде жекелеген деректер мәнді емес, олардың тұтас жүйесі мәнді, әр элементтің мәнділігі осы жүйе арқылы анықтау
...