Тілдi функционалдык тұрfыда зерттеудiн казiргi ұстанымдары
Автор: Satekovam • Апрель 14, 2023 • Реферат • 7,529 Слов (31 Страниц) • 503 Просмотры
ТІЛДІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ҰСТАНЫМДАРЫ
Тіл коммуникативтік, когнитивтік және кумулятивтік қызметін атқарғанда, өзінің түрлі деңгейлерінің бірліктерін бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, белгілі бір жүйеге ұйымдастырып, болмыстың сан алуан қырларын бейнелеп, ғасырлар бойы халықтың жинаған танымдық тұжырымдарын, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін тұтас жалпы сигнификативтік-мағыналық жүйеге түзеді.
Қазіргі тіл білімінде, бір жағынан, тіл мен ақиқат болмыстың арақатынасын, екінші жағынан, тіл мен ойлаудың өзара байланысын тереңінен ашу жолында тілдің когнитивтік қызметін айқындауға бағытталған саласы қарқын алуда. Сол тұрғыдан келгенде, анторопоцентрлік ұстаным лингвистикалық зерттеудің маңызды әдіснамалық негізі болып танылып отыр. Адам – дүние, әлемді, болмысты танушы белсенді субъект ретінде сол дүниенің тілдік бейнесін жасаушы басты тұлға. Тіл – жалпы алғанда, адамның өз болмысы.
Тіл қызметі, ең алдымен қоғамдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы және адам ойының материалдық көрінісі, «ойдың тікелей шындығы» (К.Маркс) деп анықталады. «Тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы» [76, 44]. «Тіл – қоғамдық қатынас мүддесіне қызмет ететін құрал» деген негізгі қағидадан жалпы тіл білімінің, соның ішінде грамматиканың ұстанымы функционалдылық болуы керек деген тұжырым туындайды», – дейді В. Шмидт [77, 222]. Тілдің коммуникативтік қызметіне басты назар аудару өткен ғасырдағы тіл біліміне тән болды. Сол себепті де тіл деңгейлерінің жеке бірліктерінің қызметін ашу мақсатында семасиологиялық бағыт кеңінен өріс алды.
Қазіргі тіл білімінің теориялық зерттеу парадигмасының антропоцентрлік басты ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметінің, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтерін тереңінен ашып, айқындап, тіл білімін заман талаптарына сай жаңа сапалы деңгейге көтеруге негіз болып отыр. Тілдің осы екі қызметі оның концептуалды жүйе ретіндегі табиғатын, қасиетін айқындайды. Олар бірінсіз-бірі болмайтындай ажырамас бірлікте[ 79, 2] тіл болмысының екі қыры ретінде танылып, адам тіл болмысының екі қыры ретінде танылып, адам санасында пайымдалады. «Мышление начинается в лоне коммуникации; коммуникация невозможна без элементов мышления» [80, 11]. Адам санасында дүние-болмыс танылмаса, адамдар арақатынасында түсіністікке не негіз болар еді, адамдар қауымдастығының негізін не құрамақ? Сондай-ақ пайымдалған, түйсінілген ой тіл болмысында көрініс таппаса, адамдар арасындағы дәнекер не болмақ? Негізінде адам өміріндегі басты әрекеттері – айнала қоршаған дүниені тану; танылған заттар мен құбылыстарды бағамдап, бағалап, сараптау; ортасында танымына орай әртүрлі қарым-қатынасқа түсу; өз ортасын өміріне лайықты игеру мен меңгеруде тілдің орасан маңызы көрінеді. «Олай болса, тілдің коммуникативтік, қатынас құралы болу қызметімен – ой-пікірді қалыптастырушы қызметімен, яғни гносеологиялық функциясымен тыѓыз байланыста, бірлікте іске асады» [81, 33]. Міне, осы орайда тіл мен ойлаудың ара жігі, ара байланысы, арақатынасы туралы тіл білімінде көптен айтылып келе жатқан екі ұдай пікірге тоқталуға тура келеді. Тілдің когнитивтік қызметі тіл мен ойлаудың арақатынасын айқындағанда, көрініс табады.
Тіл мен ойлау арасындағы тығыз байланыстың кандай деңгейде екендігі туралы ғалымдар арасында қарама-қайшылықты көзқарас бар. Бір көзқарас бойынша, тіл мен ой бірегей ойдың танымдық нәтижесі ретіндегі сана мазмұны тек тіл арқылы, тілдің негізінде ғана көрінеді. Шын мәнінде тіл мен ойлауды бірдей, «ой әрдайым сөздік мәні бар бейнелеу – сөздік таңба жоқ жерде ой жоқ» деп [81, 56], осы екеуі бір құбылыстың екі жағы деген пікір екеуінің мәнін кеңінен таратуды қажет ететін сияқты. Тіл мен ойлау диалектикалық байланыста бірлікте болғанымен, олардың өздеріне тән қасиеттері бар, оларды бір құбылыс деп қарау шындық болмысқа сай келе бермейді деген де пікір бар.
...