Мұхтар Әуезов
Автор: TAlgat Serikbaev • Март 27, 2018 • Эссе • 411 Слов (2 Страниц) • 1,317 Просмотры
Мұхтар Әуезов - бірден танылған тума талант. Ақаңдай халқы үшін жаралған адамның ол сөзіне сенбеске болмайды. Осының барлығын ұ -.лылардың көрегендігі, елінің болашағын ойлаған, оның өнері мен әдебиетін құлай сүйген таланттар мен дарындарға жан ашырлығы деп білуіміз керек. Бұл күнде сол көребіздің бақытымызға айналып дүниеге "Абай жолын" сыйлаған М. Әуезовтің шеберлігіне көзі қарақты мыңдаған, миллиондаған оқырмандар ғана емес, домалақ жер шарына танымал жазушылардың өздері таң-тамаша қалып, есімін ауыздан-ауызға таратып жатты ғой. "Кезінде орыс мәдениетініңдамуына Пушкин қалай әсер етсе, қазіргі Орта Азияныңкөркем ойы мен көршілес халықтарымыздың бүкіл рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов сондай ықпал жасады. Мұхтар Әуезовтің казақ тілін байытуға қосқан орасан еңбегі мен оның нәтижелерін үлкен екі арнада, екі бағытта, екі тарапта қарастыру қисынды. Олардың бірі және негізгісі - оның жазушы ретіндегі лексика мен фразеологиядағы,грамматика мен стилистикадағы табыстары жайлы; екіншісі сөзқолданымға байланысты жазушының теориялықолжамдары мен тұжырымдары, ұсыныстары туралы зерттеулер болмақ. Екінші мәселеге қатысты азын-аулак ойларымызды қайталауды ретсіз санап, бірінші мәселе төңірегіндегі қысқаша ой өрбітпекпіз. Шығармаларынан тілдік құралдарды қолданудыңтамаша үлгілері көзге түседі. Қайсыбір суреткерлердің сөз қолданудың санаулы түрлерімен шектелетіні баАйталық, біреулері метафораны үйіп-төгіп пайдаланады да троптың басқа түрлеріне соншалықты мән бере бермейді;екіншілері сөзжасамға қабілетті келеді де, көркемдік құралдардың өзге түрлері бәсеңдеу таныла береді; енді біреулері"өз аулының тіліне" көбірек көңіл бөліп, суреткергеқойылатын шарттарды тең ұстамайды. Ал М. Әуезовтің ұлылығы сөз қолданудың әр тараптылығынан, әр сөйлемнен байқалып отырады. Демек, М. Әуезов туындыларында мағынасы көмескі сөздерді жаңарту да бар,жалпы қолданыстағы сөздердің былайғыларға біліне бермейтін сырын ашу да бар, синоним, антоним, >омонимдердің ішкі мазмұнын дәл тану да бар, тосын сөз тіркесі мен дағдыдан тысқары қосымша жалғау да бар, әр кейіпкердің аузынан айтылатын аңғал сөз де, ұлағатты ой да бар және осылардың бәрі өз орнында өте бір қисынмен жарасымын тауып отырады. Сөйтіп,Мұхтар Әуезов - көркемдік делбесін тең ұстаған ұлы сөз зергері
...