Мнемотехника. Сөздерді есте сақтау
Автор: kenesbekovaaa1 • Январь 27, 2022 • Реферат • 802 Слов (4 Страниц) • 381 Просмотры
Әдеби шолу
Тақырыбы:Мнемотехника. Сөздерді есте сақтау.
Т.Ә.Ж.: Кеңесбек А.Е., 1курс, 1216 топ, жалпы медицина
Ғылыми жетекшісі: Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Берикханова А.Е.
Ғылыми кеңесшісі: Блушінова А.Н.,Эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы
Кіріспе. Қазіргі таңда кез-келген ақпаратты электронды немесе дәптерге жазып үйреніп қалғанбыз. Бірақ сіз оны миыңыз арқылы сақтап алуыңызға болады. Сонда біз батарея арқылы қуат алатын телефондарға,планшеттерге тәуелді болмаймыз.Тіпті, қандай да бір затқа түртіп алса да , оны есте сақтау қиынға соғып жатады.Бұл кезде бізге мнемотехника көмектеседі.[1]
Мнемотехника – керекті ақпаратты есте сақтауға көмектесетін және жеңілдететін, байланыс жасау арқылы есте сақтау қабілетін арттыратын арнайы әдістер жиынтығы. Яғни, мнемотехника сандар мен әріптерді жарқын бейнелерге айналдырады, сол арқылы сөзсіз біздің жадымызға енеді.Адамға таныс емес немесе есте сақтауға қиын соққан, мағынасы күрделі сөздерді жаттап алу тиімсіз. Себебі, жатталынған нәрсе келесі жолы есте қалмауы мүмкін. Сондықтан ұзақ және оңай есте сақтау үшін, қандай да бір визуалды дыбыстық бейнелермен жаттау қажет.[2]
Жалпы бұл тақырыпты алған себебім,өзіме есте сақтау қабілеті жақсы адамдар және есте сақтауды дамытудың жолдары қызықтырады.Мен көп тілді меңгергім келеді.Бірақ барлық тілді бірдей және оңайшылықпен меңгеру қиынға соғатыны сөзсіз. Сондықтан мнемотехниканың әдістерін зерттеп,өз керегіме пайдаланып және өзгелерге де көмектескім келеді.
Негізгі бөлім. Мнемоникалық есте сақтауды төрт кезеңге бөліп қарауға болады.Ең алдымен суретті кодтау,оларды есте сақтау,жүйелілігін есте сақтау және осының бәрін жадымызға бекітіп алу. Ал, мнемотехниканың негізі болып табылатын-ассоциация. «Дұрыс»және «мықты»ассоциация құру, есте сақтаудағы табысты кілт болып табылады. [3]
Ассоциация - бұл екі немесе одан да көп құбылыстардың (объектілер, сезімдер, идеялар, сөздер және т.б.) арасындағы байланыс, олардың біреуін өзектендіру арқылы екінші құбылысты еске түсіре аламыз. Бірақ әр адамның байланыстырулары әртүрлі болады. Ассоциация арқылы сөздерді, сандарды, күндерді, телефон нөмірлерін есте сақтау, шет тілдерді де меңгеру оңайға түседі. [4]
Орыс тіліндегі сөздермен ұқсас сөздерді алсақ. Мысалы: ағылшын сөзі«clever» (умный) орыс тіліндегі «клевер»сөзімен ұқсас, ағылшынша «ditch» (яма) орысша сөз «дичь», ағылшынша «ship» (корабль) — орыс сөзі «шип» және тағы сол сияқтылар. Бұл жағдайда бізді өзіміз білетін орыс сөзінің дыбыстарымен байланыстырдық. Біріншіден, осылайша сөз айтылымы мен жазылуын оңай жаттай аласыз.[5]
Сөздің аудармасын оңай есте сақтау үшін «умный клевер», «дичь в яме», «корабль с шипами» және осы сияқты басқада сөздерді,бейнелерді елестетеміз. Бұл адамның қиялының шегіне байланысты болады. Көбіне балалардың қиялы шексіз болғандықтан, бұл тәсіл оларға оңайға түседі , әрі қызықты болады.[6]
Тағы бір жолы сөздерді жағдаймен байланыстыруға да болады. Мысалы: «angry» деген сөзді шынымен қатты ашуланған оқиғаңызды еске түсіру арқылы есте сақтауға болады. Яғни, бұл жерде біз эмоциямыз арқылы есте сақтаймыз. Сіз бұрын бастан өткерген эмоциялар мен сезімдерді еске түсіру арқылы сөзді есіңізге түсіресіз. Эмоционалды түрде біздің миымыз сөздерді жақсы есте сақтайды. Келесі
...