Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ересектерге тіл үйрету барысында мақал-мәтлдерді тиімді қолдану жолдары

Автор:   •  Февраль 18, 2018  •  Доклад  •  2,804 Слов (12 Страниц)  •  1,033 Просмотры

Страница 1 из 12

Ересектерге тіл үйрету барысында

мақал-мәтелдерді тиімді қолдану жолдары

         Елбасы жолдауында  еліміздегі барлық этностардың азаматтық құқықтарының тең екенін ерекше сөз ете отырып, осы жолда басты жауапкершілікті    бізге, қазақтарға артады. Аталған жолда мемлекетіміздің атқарған еңбегінің жемісі нық сеніммен: «Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас  елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі»  деген қорытынды шығаруға  әбден лайық.   Ал, сол көптеген ұлттар арасында қазақ тілінің  қолданылу аясы әлі де айтарлықтай деңгейге жете қоймағаны шығар,  Жолдауда:  «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді» деген «әттеген-ай» дегенді меңзеген ой болмас еді. Ол үшін не істеу керек екенін Елбасы айқын жолдармен анықтап берген.  Болашақ ұрпағымыз – балаларымыздың, қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілін меңгеріп шығуына барынша мүмкіндік жасалып жатқаны да айтылған . Бірақ, біз сияқты мемлекеттік тілді үйретуші  мамандар үшін, бар күшімізбен қазақ тілін үйрету мәселесі тұр, және күштеп емес, сүйсіндіре, қызықтыра оқыту керек екені де Жолдауда сөз етілген: «Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс.  Бұл үшін  тіл саясатын сауатты  және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін  бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек» біздің қанымызға , табиғатымызға лайық айтылған орынды ұсыныс.  Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін көрсете отырып үйрету үшін өмірде де, іс-тәжірибемізде де мақал-мәтелді көп қолдануға тырысамын.

           Тілді үйретудің сан тарам жолдарымен қатар, біздің халқымыздың ежелден сақталып келген, өзінің қыр-сырын, қадір-қасиетін, қолданысын жоғалтпаған рухани байлығымыз – мақал-мәтелдерді үйрету, насихаттау жолы , заманнан заманға ұрпақпен қатар қадам басып келе жатқан әлі де үзілмейтін ұзақ жол. Кей мақалдар қай заманда шығарылса да, дәл бүгін шығарылғандай, дәл сол әрекетке, жағдайға арналып шығарылғандай дәп түсіп, тура келеді. Сол себепті қашан болмасын, қандай жағдайда болмасын мақал-мәтелді жөніне қарай қолдануға болса, басқаға өнеге, тәрбие беру құралы ретінде ұсына алатын болсақ , неге қолданбасқа?

              Қазақ тілін ересектерге оқыту саласында мақал-мәтел өте жақсы қабылданады. Көпті көрген, өмірде талай жағдайға душар болған, айтары мол тәжірибелі ересек адамға мақал-мәтелдің қаншалықты қажетті рухани құндылық екенін түсіндіріп жатудың керегі жоқ. Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кезде пайда болған, пайда болу себептері де әр түрлі.  Мақал  – тұрмыс айнасы.  Өмірде жиі кездесетін, тұрмыста талай болып жатқан жағдайларға байланысты мақал айтсаңыз жеткілікті, тыңдаушыларыңыз жалма-жан жазып алып жатады. Алысқа бармай-ақ қазақта бала тәрбиесіне, қыз бала, келін тәрбиесіне арнап айтылған ұлағатты сөздер толып жатыр. Ал бала тәрбиесі - адам өміріндегі ең өзекті мәселенің бірі. Баласының тәрбиесіне немқұрайлы қарамаған адам, мақал-мәтелді де назардан тыс қалдырмайды.  Естіп, есте сақтап, әрдайым қолдануға тырысады. Кез келген тыңдаушының жүрегіне жақын тақырып – бала тәрбиесі мәселесі.  Балаға ақыл айтып отырғанда, өзіңе сенімді болмасаң, сөзің сенімді болмаса, бала жүрегі оны сезеді . Ой неғұрлым салмақты болса, сөздің де әсері соншалықты болып, бала бойындағы тәлім-тәрбие де нәтижелі болады. «Сөздің көркі – мақал» дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да ұтымды, салмағы бар естіген адамның көкірегіне ой тастайтындай әсерлі жеткізуге болады. Орыстың демократ жазушысы, философ В.Г.Белинский: «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр»  деген. Яғни, өзіңіз ой елегінен өткізген, жүрегіңізден орын алған ұлағатты сөзді өз ойыңызбен толықтырып, мағынасын ашып  айтсаңыз, әсері көп болады.  Саналы ұрпақ оны тез ұғынып, тиісті қорытындысын шығарады.  Әр мақалды айтқанда , оның қандай жағдайда айтылатынын түсіндіріп, не болмаса,  синонимдер арқылы мағынасын ашып түсіндіру, біздің, яғни мақалды ұсынып отырған адамның міндеті, айтылған мақал есте қалсын десек осы жағдайды ұмытпау керек.  Мысалы , балаңыз жұмыстан шаршап, қажып жүрсе: «Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ» немесе «Жылай-жылай арық қазған, Күле-күле су ішер», «Бейнетсіз рахат жоқ» деген мақалдарды айта отырып жұбатуға, қайрауға болады. Біздің алдымызға келетін тыңдаушылардың көбі отбасын құрған , бала тәрбиелеп отырған адамдар болғандықтан, бұндай мазмұнды мақалдарды назардан тыс қалдырмайды.  Барлық мақал есінде қалмаса да, бірнеше мақал біліп шығады.  Үйленіп, отбасын құратын жасқа келген балаға ата-анасы өз ойын баланың басынан су құйғандай  айта салмай, «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Ұлың үйленсе ырысың, Қызың орын тапса өрісің» деп өз рұқсатын, ойын  білдіреді.  Кейбір өзін басқалардан артықпын деп ойлап, өзінің «теңін» іздеп әлек болып жүрген адамға қаттырақ айтам десең де ұсынатын мақал бар: «Таңдаған тазға жолығады», не болмаса «Ақылды үйленгенше, ақымақ ұлды болады». Міне ,осындай өмірмен, тұрмыспен астасып жатқан нәрсе ұмыт қалмайды.  Сол сияқты өмірдің әрбір жағдайына ата-бабамыздың «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деп табылған қорытындысы, беретін бағасы бар.

...

Скачать:   txt (33 Kb)   pdf (223 Kb)   docx (32.5 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club