Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

А.Байтұрсыновтын өнер туындыларындаfы көркем образы

Автор:   •  Май 18, 2022  •  Реферат  •  1,387 Слов (6 Страниц)  •  208 Просмотры

Страница 1 из 6

А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ  ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ОБРАЗЫ

Арапбай Сымбат,Әділхан Айнұр

Ғылыми жетекші: Кажибекова Нұргүл Қайырбекова

Оқу орны: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,Көкшетау қаласы

Apysmttv@mail.ru

Ахмет Байтұрсынов кім? Түркітілдес халықтар арасында есімі алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлы қандай еңбектері бар және оның өнер туындыларының көркем образы туралы осы мақаламда сыр шертпекпін. Қысқаша өмірбаянына тоқтала кетейін.

Ол- ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайреткері, аса ірі әдебиет теоретигі,ғұлама турколог, жаңа қаза тілі білімінің негізін салушы.   Ол 1873жылы дүниеге келіп,  тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы  екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер мектебінде оқыды. Содан әрі қарай мұғалім қызметінде жүрді. Ол қазақ халқының өмірі мен мәдениетіне аянбай еңбек еткен ірі қайраткер. Әрбір қазақ үшін  «Ахмет» есімін, оның еліміз үшін жасаған ерен еңбегін   білмеу өте ұят нәрсе. Ол еліміздің алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болу үшін ең бірінші оқу-ағарту ісін алға қою керектігін ерекшелеп жеткізді және оған өзі көз жеткізді. Ол сондай білімді адам, жақсы ұстаз  бола білді. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәлімет жинақтағанымда оған үнемі «бүгінгі қазақ халқының көгенбасы» деген атауды қоса айтылып жүретінін байқадым.Неге деп іздеп көріп едім. Мағынасын түсіндім: ХХ ғасырдағы алғашқы білімді әрі зиялылар арасында «халқының намысын жоқтаған, ар ұятын іздеп шыққан  халық көсемі» екен. Сол үшін халық Ахметті солай атайтын болған. [1]

Ендігі мақалаға арқау болған тақырып «А.Байтұрсыновтың  өнер туындыларындағы көркем образына », оның туындыларына тоқталайын.

Мен оқыған бір еңбегі – «Қалам қайраткерлері жайынан» . Ол жерде Қазақ қалам қайраткерлері сьезіне шақырылып келмей қалған   жазушылар кім  деген сұраққа жауап іздей отыра өзі жауап береді. Қазақ қалам қайраткерлері орыстың озбырлығынан және орыстан таяқ жеп оның табанында жатып дүниеге келгенін  айтады. Жазушы өз еңбегінде қалам қайраткері елінің жоғын жоқтамаса,халық қамын ойлап  елде болған жағдайды қағазға түсірмесе оның барынан жоғы жақсы емеспе деп оларды сынай түседі. Кімде кім Ахметтің бұл еңбегін жазудағы басты мақсатын айтпай түсінер еді.  Бұл еңбегінде халықтың сауатсыз әрі білімсіз екеніне, аңқау халқы үшін абыржыды.  Халықтың ойын, халық төңкеріс жасасам болды бәрі өзгеріп керемет болардай күй кешетінін де өз еңбегінде баяндады.  Ал елім, жерім деген адамға «ұлтшыл» деген ат беріп қамалғаны жөнінде де біраз ақпарат беріп өтті. Бұл еңбекте көп кездесетін сөз- «бибауырмалдық». Бауырмал емес жүрегі қатайып қалған басшы мен елім үшін деп еңіреген ердің ара жігін ажыратып көрсетті. [2]

Тағы бір еңбегі – «Бастауыш мектеп» Бұл еңбекте ауыл мектебі мен орыс школасының айырмасын көрсете отырып екеуінің де бастауыш мектеп атына лайық емес екенін алға тартты. «Бастауыш мектебінде ана тілі оқытылса екен. Үкіметке керегі- барлық ұлттың бір тілде яғни орыс тілінде сөйлегені, ал халыққа керегі- өз тілін жоғалтпау»-деп , бастауыш мектеп өз тілімізде оқытылсын деп ұрандатты және бастауыш сынып 5жыл оқытуын (алғашқы 3жыл  өз тілімізде, 2 жыл орыс тілінде) дұрыс деп санады. Сонымен қатар қала мектебі һәм қыр мектебі болып екіге бөліну керек деп есептеді.  Ол сол еңбегінің өзінде бала білімінің негізі- бастауыш мектебінде екенін әдемі әрі көркем түрде жеткізе білді.[3]

Мектеп керектері. Оның осы мақаласы мені қатты ойландырды. Қазіргі біздің ізденіп жүрген сұрақтарға жауапты сол кезде Ахмет Байтұрсынов айтып кеткен екен. «Мектептiң жаны – мұғалiм. Мұғалiм қандай болса, мектебi һəм сондай болмақшы, яғни мұғалiм бiлiмдi болса, бiлген бiлiмiн басқаға үйрете бiлетiн болса, ол мектептен балалар көбiрек бiлiм бiлiп шықпақшы. Солай болған соң, ең əуелi, мектепке керегi – бiлiмдi, педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн мұғалiм» Мақаланың осы тұсы мұғалім бейнесін сипаттай білді. Бұл мақалада оқушы жақсы білім алуы үшін мұғалімнен кейін сабақ құралдары толықтай іске жарайтын пайдалы болу керектігін айтты. Үшінші орынға  мектеп программасын қойды. Өлшеніп, ойланып істелген істің дұрыс екендігін, ал қалай болса солай жасалған дүниенің берекесіз болатынын ашып жеткізді. «Адамға құлақ, тіл қалай керек болса, бастауыш білім де солай керек»-деді қоғам қайраткері.  Мен осы мақаланы оқи отырып бір ойға келдім. Неге? Неге қазіргі жастар оқығысы келмейді? Кезінде жөнді мектеп құрал болмаса да, дұрыс оқытушы көп болмаса да оқуға қызыққан, халықтың қамын жеген, болашағын ойлаған Ахметтер қазір қайда? Неге? Қазір арзан дүниеге, ақшаға құнығып кеттік? Білімді ысырып біз ұзаққа бармасымыз белгілі ғой. Әрине өзіміз болашақ педагог болғаннан кейін ұлтқа жанымыз ашиды. Мақсатымыз да сол- Ахмет айтқандай ұстаз болу.  

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (82.7 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club